18:37 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Абай ата, егер жүрек шыншыл болса, адамдар неге жалған сөйлейді? Неге көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады? Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма, Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін Шын сөзді ұғуға жүрек тазалығы керек пе? Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қан көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі. Жүректің кірлеуіне кім кінәлі? Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Аршып алып тастауға, Апандағы саз емес. Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес. * * *
ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ (бұрынғыша тоғызыншы сөз) Осы мен өзім – қазақпын. ҚАЗАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ БЕ, ЖЕК КӨРЕМ БЕ? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Егер жек көрсем, бұлардың ортасынан көшіп кетуім керек еді. Қашан бәріне көзім жетіп үмітімді әбден үзген кезде, өзге жаққа кетуге қайрат, жалыным сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. «Бір жүрген қуыс кеудемін» деу дүние қызығынан жалыққан данышпан адамның ой толғанысы. Халқының сана-сезімін, ақыл-ойын жаңа саытға көтеру ісінде Абайға тең келер жан дүниеде жоқ. Ұлы Абай ұлтын сүйген бе деген сұраққа бұдан артық жауап болмаса керек. * * * Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым – тап шыным! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
