00:00 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен.
Неге қазақ ілім-білімнен қашып, жанды емес, тәнді асыраудың ғана қамын жейді?
Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға.
Бұдан құтыларлық қандай жол бар?
Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол – бай тап, Адам бол – мал тап, Қуансаң қуан сол кезде * * * ТӨРТІНШІ СӨЗ (бұрынғыша алтыншы сөз) Қазақтың бір мақалы: ӨНЕР АЛДЫ – БІРЛІК Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?
Бірлік – малға емес, АҚЫЛҒА БІРЛІК Малыңды юеріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
Қазақтың бір мақалы: ЫРЫС АЛДЫ – ТІРЛІК Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Тірлік деп – көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса – ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен, ерінбей жүріп мал табуға да жігер қыла алмайсың. * * * Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың – пысық, ішің – нас, Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
