09:01
Абай ілімі

АБАЙМЕН СҰХБАТ

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Қазіргі заманда жағымпазданып, бояма күлкіге салынып, таныс іздеп жүргендер өте көп. Бұларға не дейсіз?

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

 

Еңбек қылсаң ерінбей –

Тояды қарның тіленбей.

 

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?

 

ҮШІНШІ СӨЗ

(бұрынғыша бесінші сөз)

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙҒЫСЫ НЕ?

Оны мақалдарынан танырсың:

Түстік өмірің болса, күндік мал жи.

Байдан үмітсіз – Құдайдан үмітсіз.

Қазақ ғылым, білім, әділет үшін қам жемейді,

қазақ мал (ақша) үшін қам жейді екен.

 

ІЗДЕГЕН ІЛІМІЗ ОСЫ МА?

Мал тапқан ердің жазығы жоқ.

Бірақ ол малды (ақшаны) қалай табуды білмейді екен.

Бар білгені – малдыларды алдап алмақ, яки мақтап алмақ.

Егер бермесе, онымен жауласпақ. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдықпен жүріп, мал тапса болды – күнәсіз болады екен.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: