22:30 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Абай ата, бұл қара сөздерді не үшін және кімдерге арнап жаздыңыз? Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Сонда бұл қара сөздерді жазудағы түпкі мақсатыңыз қандай? Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. Адамның өмірдегі мақсаты не деп ойлайсыз? Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де – бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!
БІРІНШІ СӨЗ (бұрынғыш үшінші сөз) ҚАЗАҚТАР НЕГЕ бір-біріне қаскүнем, бірінің тілеуін бірі тілеспейді, рас сөзі аз, қызметке таласқыш, өздері жалқау?! Осылар біріне-бірі достық ойлай ала ма? Мұның бәрі төрт аяқты малды (қазіргіше ақшасын) көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан. Бұл халықты рухани азғындатып, қоғамды дағдарысқа әкелетін жол. Диванбатырдың сипаттары: ӨНЕРСІЗ, ДОССЫЗ – СҰРАМСАҚ, ТОЙЫМСЫЗ – НАДАН, АРСЫЗ – ҚОРҚАҚ, МАҚТАНШАҚ – ЖАЛҚАУ. Өзгені емес, өзіңді түзет. Адам өзгерсе – қоғам да өзгереді. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың. Би (басшы) екеу болса, дау – төртеу болады. ҚАЙТСЕК ЕЛ БОЛАМЫЗ? Ел түзелуі үшін әуелі адам түзелуі керек. Адам түзелуі үшін адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
