12:02 Абай ілімі | |
ӘЛҚИССА Арттағыға сөзің мен іің қалса, Өлсең де, өлмегенмен боласың тең Ақиқатында, хакім Абай 45 емес, 40 қара сөз ғана жазған. Философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы ғалым Асан Омаровтың «Абай» атты кітабының (жаңаша үлгідегі басылым, 2019) негізінде делік. Жалпы Абайда проза жанрындағы кітап екеу: біріншісі – «Ғақлия», яғни «Ақыл кітабы» (40 қара сөзден тұрады). Екіншісі – «Тасдиқ», яғни «Сенім кітабы» (қазіргіше 38-сөз). Бұл екі атауды да автордың өзі, яғни Абайдың өзі қойған. Бірақ 1933 жылы жарық көрген тұңғыш толық жинақта қос кітап та төл атауынан айырылып, біріне-бірі қосылып, рет сан орындары ауысып, ішіне ақынның «Насихат», «Сократ хакімнің сөзі» атты қолжазбалары да қосылып, жалпы саны 45-ке жетіп, «Қара сөздер» деген ортақ атаумен басылып шықты. Неге?! Себебі «Тасдиқ» атеистік идеологияға қарама-қарсы бағытталған, яғни тұнып тұрған Құдайтану іліміне арналған шығарма. Кеңес дәуірінде, Сталин заманында, қызылкөз цензураны шатастыру мақсатында Тасдиқты 38-ші сөз деп бүркемелеп, өзге қара сөздердің арасына қосып, Абай шығармаларын аман алып қалған Мұхтар Әуезовке біз мәңгі қарыздармыз. Енді қара сөздердің реттік санын түпнұсқаға, яғни Абай атамыздың өзі нөмірлеген қалпына қайта оралтып, ал Тасдиқ трактатын жеке шығарма ретінде қарайтын уақыт келді.
ҒАҚЛИЯ Мағынасы: Ақыл кітабы Мақсаты: Қазақтың ел болу мәселесі Жазылған уақыты: 1891-1897 жылдар аралығы Автор: Абай Құнанбайұлы Көлемі: 40 қара сөз АЛЫСТЫҚ... ЖҰЛЫСТЫҚ... АЙТЫСТЫҚ... ТАРТЫСТЫҚ... Бұл жасқа келгенше жақсы өткідік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік... Өкінішті көп өмір кеткен өтіп, Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. * * * Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, ӨЗ СӨЗІМ ӨЗІМДІКІ. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. Абай осы сәтте өзінің өмірлік мақсаты мен рухани миссиясын нақты айқындап, өз ойларын қағазға түсіруді жөн санайды. * * * Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
