15:24
Абай айнасы - рухани кемелдену

ЖАРАТУШЫ ҒАЛАМНЫҢ ІШІНДЕ

Қалып айтпайтын халықта «Алланың әмірінсіз шөптің басы да қимылдамайды» деген сөз бар. Абай дүниетанымы бойынша Алла тағала – барлығының Әміршісі, барлығын Басқарушы. Бүкіл біртұтас әлем белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Соның барлығы Алла тағаланың құдіреті. Ал Алла тағала Өзінің осы құдіретін қалай іске асырып, бүкіл әлемді қалай басқарады екен? Алла тағала үшін әлемде белгісіз ештеңе жоқ және бүкіл өмір Соның басқаруымен жүреді. Бұның себебі Ол болмыстың әрбір бөлшегінде және әрбір жан иесінің жүрегінде орналасқанын білгенде түсінікті болады екен. Осылайша бұл сұраққа да Абай мұрасынан жауап таба аламыз. Енді осыған көз эеткізіп көрелік.

Абай отыз сегізінші қара сөзінде былай дейді:

«Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» демеклік те – ғақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демеклік те – Алла тағалаға лайықты келмейді». Сөйтіп біз Алла тағаланы қарастырғанда ақылымыздағы ұғымның бір тиянағы үшін, яғни Оны өзіміздің түсінуіміз үшін шамамыз келгенше Оған түрлі түсініктер беріп, сезінуге ұмтыламыз.

Алла тағала «бір» деген сөздің өте терең мәні бар. Бұл туралы Абай әрі қарай сөзін жалғастырып, оған түсінік береді. «Ол «бір» деген сөз Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде», - дейді ғұлама әрі қарай. Бұл, бір қарағанда, мағынасы қарама-қарсы, түсініксіз, жұмбақ ұғым. Қарапайым күнделікті көзқарас бойынша қарастыратын болсақ, онда егер бір нәрсе екінші нәрсенің ішінде болатын болса, онда екінші нәрсенің бірінші нәрсенің ішінде болуы мүмкін емес. Сонда бұл қайшылық па? Қайшылық болмаса оның сырын қалай түсінуге болады? Бұл рухани болмыстың адамның ақылымен түсінуге болмайтын бір көрінісі.

«Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде» деген түсінік Алла тағаланың екі аспектісін білдіреді. Алла тағала ғаламның ішінде деген ұғым Оның ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде екенін білдіреді. Ал «Ғалам Алла тағаланың ішінде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдік аспектісін білдіреді.

Абай «Лай суға май бітпес, қой өткенге» атты өлеңінде Алла тағаланы «ләмәкан» (мекенсіз) деп атайтыны белгілі, себебі Оның бұл материалдық әлемде мекені жоқ. Оның бұл ғаламның ішінде мекені болмаса, бірақ сонымен бірге Ол сол ғаламның ішінде болса, онда Алла тағала ғаламның бір бөлігінде емес, оның барлық бөлігінде деген тұжырым туады. Яғни Ол әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір атомның ішінде, әрбір жан иесінің жүрегінде.

Алла тағала әлемнің әрбір атомының ішінде болса, Ол Өзінің шексіз көп қасиеттерімен әрбір атомға өзіне тән түрлі қасиеттер береді. Атомдар бірігіп молекула құрайды. Ал олардан түрлі материалдық денелер құралады. Алла тағала әрбір атомға өзіндік қасиеттер бергендіктен, олардан құралған денелер де өзіндік түрлі қасиеттерге ие. Сөйтіп түрлі қасиеттерімен, порымдарымен, көлемдерімен әлемде көптеген бөліктер пайда болып, әлемнің сан-алуандығы туады. Алла тағала әрбір атомның ішінде болып, олардың өзгерістерін басқаратын болғандықтан, әлемдегі құбылыстардың өзгерісі де соған байланысты. Алла тағаланың бүкіл материалдық әлемді басқаратыны Абай ілімі бойынша осылай дәлелденеді.

Алла тағала әлемді жаратады, белгілі бір уақыт аралығында оның өмірін сақтап, уақыты біткенде оны қайтадан жояды. Сонан кейін бүкіл процесс қайтадан басталады. Сөйтіп Алла тағаланың әмірімен бұл материалдық әлем біресе жойылып, біресе қайта пайда болып, үздіксіз алмасып отырады. Мұның өзі материалдық әлемнің мәңгілік, бірақ өзгеріп, алмасып отыратынын көрсетеді.

Өлі табиғатты Алла тағала жан енгізу арқылы тірілтеді. Бұл туралы Абай жиырма жетінші қара сөзінде Сократ хакімнің сөзімен былай дейді:

«Адамның денесі, өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысы емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың». Әрі қарай бұның бәрі өлшеусіз Ұлы ақылдың ықпалымен болғаны түсіндіріледі. Сөйтіп жанның арқасында бүкіл әлем бөліктері бір-бірімен қатынасқа кіреді. Жан болғандықтан олардың әрқайсысы жеке тұлға. Ал олардың қарым-қатынасын Алла тағала басқарады. Сондықтан Ол әрбір жан иесінің жүрегінде орналасады. Сөйтіп Алла тағала өлі табиғаттың да, тірі табиғаттың да ең кішкене бөлшегіне еніп, бүкіл әлемнің өмірін басқарады. (жалғасы бар)

 
 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 416 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 fqdid74  
0
57511 http://ukrcyprus.com/showthread.php?167831-%D0%92%C2%AB%D0%A0%D1%99%D0%A1%D0%82%D0%A0%C2%B5%D0%A1%D0%83%D0%A1%E2%80%9A%D0%A0%D0%85%D0%A1%E2%80%B9%D0%A0%E2%84%96-%D0%A0%D1%95%D0%A1%E2%80%9A%D0%A0%C2%B5%D0%A1%E2%80%A0-The-Godfather-1972-%D0%92%C2%BB-%D0%A0%D1%95%D0%A0%D0%85%D0%A0%C2%BB%D0%A0%C2%B0%D0%A0%E2%84%96%D0%A0%D0%85-%D0%BA%E2%80%9A%C2%B5-%D0%A0%D1%98%D0%A0%C2%B0%D0%A1%D0%82%D0%A1%E2%80%9A%D0%A0%C2%B0-2020-%D0%BA%D0%83%D0%86-watch&p=235578#post235578http://www.oryantiringciyiz.com/showthread.php?tid=405928&pid=1077436#pid1077436 http://akarenterprise.com/index.php/component/k2/itemlist/user/166680 http://akarenterprise.com/index.php/component/k2/itemlist/user/166714 http://akarenterprise.com/index.php/component/k2/itemlist/user/166736 http://akarenterprise.com/index.php/component/k2/itemlist/user/166823 http://cqa.com.co/%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%b0%d0%bb-%d0%bc%d0%b8%d1%80-%d0%b4%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b3%d0%be-%d0%b7%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%b4%d0%b0-3-%d1%81%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd-1-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-3/

Имя *:
Email *:
Код *: