09:28
ПМБАИ-2009

Біліктілік арттыру жолында

ҚАШЫҚТЫҚ КУРСТАРДЫҢ ЖЕМІСІ

Түлкідей зымыраған заман желісіне тазыдай ілесу көптеген тың һәм соны ойларды сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыруды қажетсінеді.

Жақында Павлодар облыстық педагог мамандардың біліктілігін арттыру институтында (ПМБАИ) мектеп басшыларының оқу ісі орынбасарларының біліктілігін арттыруға арналған «Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби білімінің негізі ретінде құзыреттілік көзқарас» атты қашықтық оқыту әдісімен ұйымдастырылған курстардың қорытынды отырысы семинар түрінде өткізілді. Бұған қаланың өзінен һәм аймақтың түкпір-түкіпірінен келген тыңдаушылар қатысты.

Атаулы курстардың өту кезеңі бұған дейінгі курстардан әлдеқайда өзгеше болды. Себебі барлық жұмыстар Интернет арқылы, электрондық пошта арқылы жүзеге асырылды. Курстардың тақырыбы әуелден жарияланды. Артынан ол ПМБАИ-дың қашықтан оқытуға арналған сайтында (www.ipkpvl.kz) жарияланды. Ал бұған қатысу үшін тыңдаушы алдымен сайтта міндетті түрде тіркелуі қажет болды. Тек содан кейін ғана тиісті тапсырмаларды монитордан оқуға болады.

Биылғы жылдың 26 наурыз бенен 19 мамыр аралығын мейілінше қамтыған қашықтық курстардың тапсырмалары мынадай модульдерден құрылымдалды:

1.      Біліктілікті жетілдіруде қашықтық білім беруге арналған технологияларды қолдану өзгешелігі.

2.      Әдіснамалық және теориялық негізінде құзыреттілік көзқарас.

3.      Құзырет бұл білім берудің нәтижесі. Білім беру саласында «құзыреттілік көзқарас».

4.      Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі.

5.      Мұғалімнің білім беру практикасында құзыреттілік көзқарастың жүзеге асыруы.

Ал осынау жұмыстардың мазмұны кіріспе диагностиканы, қашықтық оқытудың талабымен таныстыруды, қашықтық курстың сайтымен жұмысты, білім беру жүйесінде әдіснамалық және теориялық негізінде құзырет, құзыреттілік, құзыреттілік көзқарастың жалпы түсініктерді, білім беру саласында құзыреттілік модельді, құзыреттің түсінігін анықтауда мұғалімнің іс-әрекетінің технологиясын, құзыреттілік көзқарас жағдайында күнтізбелі тақырыптық жоспарлауға, сабақты жоспарлауға, білімденуді бағалаудағы жаңа тәсілді, мұғалім құзыретінің жүйесін, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін табу ретінде бағалау әдісі және тәсіліне сырттай көзқарасты, тақырыптың білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды бағалауды барынша негізге алды.

ПМБАИ-дің іскер мамандары Ауталипова Б.Ж. және Қабдуалиева Г.Б. Интернеттегі сайт арқылы мектеп басшыларының орынбасараларына модульдік тақырыптарды қамтыған лекцияларымен бірге файлдық тапсырмаларды орындалу әдіс-түрі һәм тапсыру мерзімімен қоса уақтылы жіберіп отырды. Онымен қоймай әр орындалған жұмыстың бағалау өлшемдерін қоса жіберуді де керемет ойластырған екен.

Лекциялармен сусындаған тыңдаушылар файлдық тапсырмаларды орындау үрдісінде мынадай әрекеттерді жүзеге асыруға тырысты: құзырет, құзыреттілік, құзыреттілік көзқарас түсініктері бойынша кластер жасау, берілген матрица бойынша мұғалімнің профессиограммасын жасау, оқушылардың құзыреттілігін қамтамасыз етуалгоритмін жасау, құзыреттілік көзқарас негізінде оқушының білімденуін бағалау инструментариясын жасау, кәсіби құзыреттілігінің жіктеушілік кестесін жасау, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін бағалау критериясын жасау (сырттай көзқарас), мұғалімнің құзыреттілігін анықтау бойынша ішкі бағалау жүйесін жасау (ішкі аудит). Сонымен бірге берілген тапсырманың уақытында орындалу-орындалмауы да айырықша ескерілді.

Қорытынды семинарды жүргізген һәм осынау курстарды өткізуге әрі мұрындық, әрі ұйытқы болған Балкен Жібенқызы электронды пошта арқылы сайтқа келіп түскен тыңдаушылардың файлдық тапсырмаларына сараптамалық талдау жасай келе, сапалы орындалған жұмыстарға жоғары баға берді. Олардың қатарында облыс орталығындағы №25, 19-мектептердің, облыстық қазақ гимназиясының, Екібастұздағы №25-қыздар гимназиясының, Баянауыл ауданының мектеп басшылары орынбасарларының жұмыстары ерекше көзге түсті.

Асылында, он екі жылдық білімденуге қадам басқалы тұрған шақта ұйымдастырылған осынау деңгейдегі қашықтық оқыту курстары тыңдаушыларды кәсіби тұрғыдан қайрай түсті, жауапкершілікті жүктей түсті, іскерлікті мықтай түсті, сенімді ұштай түсті.

курстарға қатысқан

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі басшысының орынбасары, Лебяжі ауданы, www.shakhibbeker.ucoz.kz

Просмотров: 1402 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: