11:08 Туған күніңмен, Айжан Мейрамқызы! | |
Мен білетін һәм мені білетін, өзіне ғана тән қайталанбас бірегейлігі бар Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіндегі әріптесім Белгібаева Айжан Мейрамқызын 24 сәуірдегі туған күнімен шын жүректен әм адам ниетпен құттықтай отырып, мына өлең жолдарын арнауды мәрттік санадым. Есімің. Есіміңде. Есіміңмен. Есімің жүрегімде мәңгі жазудай басылған, Әр дыбысы, әр буыны раушандайын ашылған. Ен жайлауға, тау-жартасқа, сай-салаға Әуезденген үйлесімі шашудайын шашылған. Мол шашудың әр түйірі қасиетке бек толы, Бас иеді тоқтау жасай небір-небір күш долы. Әрлі-берлі іздесем де, сендей, жаным, жоқ ару, Бұған куә Байқал, Сейшелл, алыстағы Анадолы. Есіміңде жанға жайлы әуен толғар, Бірде –тербер, бірде – құйындай соғар. Гүл-гүлдердің ішінде артық гүлдер қызғалдақ, Аңсап жүрген жүрегімді ерен ұғар. Біздің жүрек бейне гүлзар жайнайтын, Өмір нәрі қуатымен еш солмайтын. Сәуірдегі жауын-жаңбыр демеуімен, Қылтия аспанға өрлеуін қоймайтын. Есіміңмен батады күн, атады таң, Өзгереді жанға жайлы айнала-маң. Бұл жалғанның әрбір сәті үлкен мейрам, Күннен-күнге нәр бересің сен, сұлужан. | |
|
Всего комментариев: 0 | |