09:17 Сын сағатында | |
Сырттай бағалау бағамы ‘PISA – Бағамдасақ, білімдену сапасына қойылып отырған үр жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына айырықша мән берілгелі қашан. Шәкірттің ғылыми ұғымдар һәм заңдарды түсініп, тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта әрекеттенуі оқу үрдісінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады, себебі қоғамымыздың бүгінгі даму кезеңіндегі басты мәселелерінің бірі – оқушылардың құзыреттілігін мектепте қалыптастыру һәм барша әлеуетімізді шәкірттерге тек шәкірт ретінде емес, оның жеке дара тұлға екенін естен шығармай, оларға жүйелі білім беру арқылы оқыту басты мақсат болып отыр. Биылғы жылдың 15 сәуірінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 1993 жылы дүниеге келген он бес оқушысы облысымыздың тоғыз мектебінің бірі болып оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) болып табылатын сынды тапсырды. Осынау маңызды білімдену шарасын талапқа сай өткізуге оқу ордасына Павлодар облыстық білім басқармасынан Жүсіпова Л.Н., Павлодар облыстық педагог мамандардың біліктілігін арттыру институтынан Руколеева Л.В., Идилуп А.Т., Жүсіпова Ә.Р. мамандар арнайы келді. Мектепте PISA-ға дайындық жұмыстары әуел бастан жүргізілді. Оқу ордасы бойынша осынау сынның координаторы болып тағайындалған мектеп директорының ғылым-әдістеме яғни инновация ісі бойынша орынбасары һәм танымал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Белгібаева А.М. ұйымдастыру және өткізу бойынша қыруар іс тындырып, сын өтетін күнге сақадай сай дайындық деңгейін көрсетті. Сынға түскелі отырған оқушылар алдында сөз алған Ләйлә Нұрсипатқызы оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы негізінде жүргізілген зерттеулерге жасаған талдаулар түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастаубың қажет екендігін айқын көрсете отырып, жеребе арқылы іріктеліп алынған бесқарағайлық оқушыларға үлкен сәттілік тіледі. Үш сағаттан аса аралықта оқушы PISA тапсырмаларын орындау барысында айналып келгенде ешқандай пәнге қатынасы жоқ тапсырма шартын, басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратпен байланыстыра отырып берілген тапсырманың я жағдаяттық шешілу жолдарының өзіндік нұсқасын жасай білуге тырысып бақты. Ақиқатында, әр тапсырма – шешімі нақты анықталмаған өзіндік шешімді талап ететін өмірлік жағдаят. Яғни бір тапсырманы екі оқушы өз тәсілін пайдалана отырып мүлдем басқа жолмен шешімін табуы мүмкін. Оқушы үшін едәуір қиындық туғызатын кезең, өмірден алынған жағдаяттарды пәндік білімдерін кәдеге жарата отырып шеше алатындығын көрсетуге бағытталған PISA-ның негізінде алынатын нәтижелерден түбінде айқындалатын болады. | |
|
Всего комментариев: 0 | |