29/03/2021, 17:49 | ||||
АДАМҒА ҒАРЫШТА ОРЫН ЖОҚ Мая Вей-Хаас Адам денесі жердің тартылыс күшіне сай жаратылған. Гравитация болмағанда өмірдің қалай астаң-кестеңі шығатынын енді түсіне бастағандаймыз... Біздің тәннен құралған болмысымыз тартылыс күшінің аясында жұмыс істеуге ғана жаралған. Жуырда New England Journal of Medicine-де жарық көрген бір зерттеуде адам ағзасының ерекше маңызды органы – ми туралы алаңдатар жайттар қозғалды. Зерттеу барысында ғарышқа барып келген 10 ғарышкердің бас сүйегін мұқият тексергеннен кейін ғалымдар бұлшық етті басқару, есте сақтау, сезу қабілеттері тәріздес функцияларға жауап беретін ми бөлігінің кішірейгенін байқаған. Оған мидың сұр заттегі өзін жұмсартатын ми жұлын сұйығының артуы себеп. Бұл көбірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Жердегідей гравитациясы бар ғарыш кемесі шықпайынша, біздер үшін жұлдызаралық өмірдің қиынға соғатыны анық. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||
| ||||
Просмотров: 177 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |