Зерделі зерттеу
01/03/2021, 15:14

ДЫБЫС ЖҮЙЕСІ

Кэтрин Цукерман

Ағаш еденнің шиқылдаған дыбы­сынсыз қорқынышты фильм қандай болар еді? Әрлеу, яғни дыбыс эффектілерін фильм­ге қою процесі бүгінде өте маңызды. «Бізге жүктелген міндет – экрандағы суретті ашатын, шынайы естілетін дыбыс шығару», – дейді әртіс Джон Реш. Бірінші қадам: көріністі мұқият қарау. Артынша ол Шелли Роден мен Скотт Куртис әріптес­терімен бірге көрініс дыбысын тудыру үшін дыбыс эффектісін жасауға қажетті түрлі гаджеттер мен материалдарды сынап көреді. Мәселен, мұзда сырғанау көрінісінің дыбыстық эффектісіне қол жеткізу үшін ол бұжыр табанды аяқкиімдерді бетон бетіне үйкейді. Ал егер сюжетке қан керек болса, су сіңірген жұмсақ матаны сығу арқылы «тоқтамай аққан қан» дыбысын айнытпай салуға болады.

  1. Қарағай бүршігі. Қарағай бүршіктерінің қытырлауы сынған сүйектің дыбысына келеді. Реш пен оның тобы «Фердинанд» деп аталатын балаларға арналған фильмде кірпінің таудан құлаған дыбысын қарағай бүршігін тарақпен тарау арқылы келтірген.
  2. Тоғыз өрім қамшы. «Тәуелсіздік күні» фильмінде өзгепланеталықтардың терезені қармауыштарымен ұрған дыбысын шығару үшін қамшы пайдаланылды.
  3. Өкшелік. Дыбыс студиясының әртістері «Сильверадо» фильмін әрлеуде өкшеліктердің көмегіне жүгінді.
  4. Кассета лентасы. Жақсы шықырлағаны үшін шөп басқан дыбысты салу үшін осы материал пайдаланылады.
  5. Сәби кроссовкасы. Кішкентай әрі иілгіш сәби аяқкиімі «Мен жексұрын 3» анимациялық фильмінде миньондардың жүріс дыбысын салуға көмектесті.
  6. Сүйек бөлшегі. Әйгілі «Моана» балалар фильмінде Мауидің сүйек­тен жасалған моншақ дыбысын шығару үшін шын сүйек пайдаланылды.
  7. Қылыш. Осындай ауыр қылышты сермеу арқылы «Батыл жүрек» фильміндегі алдаспанның қуаты көрсетілген.
  8. Канделябр. 2018 жылғы «Қара қабылан» блокбастерінің басты кейіпкері вибраниум деп аталатын жалған металдан жасалған костюммен жүреді. Оның дыбысын шығару үшін Реш бірнеше бұйымды, атап айтқанда канделябр мен S пішіндес сүйменді пайдаланды.
  9. Уілдеуіш аспап. 1988 жылғы «Роджер қоянды кім тақырға отырғызды?» мультипликациясындағы дыбыстар мына аспаппен шығарылды. Оның бетінде бір-біріне еш қатысы жоқ варган, камертон, оттық, сары мыс тостаған мен оның қақпағы орнатылған.
 
 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 167 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: