Ықыласпен тоқылық...
23/09/2025, 09:46

ОНЫНШЫ ТАРАУ

- Медет, қала тұршы. Сенімен сөйлесуім керек, - деді Азамат.

Сәрсенбіде физика соңғы сабақ еді. Медет орнында қалды, ал шығып бара жатқан балалар мәселенің сырын білгісі келіп қарап-қарап қояды. «А»-лықтардың бәрі шығып болғанда Медет мұғалім үстеліне жақындады.

- Әңгіменің тоқетері мынау, - деді Азамат. – Сенің тобындағы юалалардан білдім, тобыңның басқосуына бармай жүр екенсің.

Медеттің іші қылп ете қалды.

- Мұнда, әрине, ерік өзіңде. Білетінім, сен өзгеге көмектесуден қашпайсың. Балалардың ешқайсында саған деген реніш жоқ. Менің білгім келетіні, сенің өзіңде әлдебір есеп бар ма, менен қандай да бір көмек керек пе?

Медетте үн жоқ.

- Білем, саған материалды игеруге ешкімнің көмегі керек емес, бірақ, есіңде болса, мұндағы басты мақсат – топтасып жұмыс істеу дағдысын дамыту. Тобыңнан қашқақтаумен сен осы дағдыны құр қыласың. Сені уайымдап жүрмін, Медет.

Медет еденнен көз алар емес.

- Мен айта берейін, мәселенің төбесінен дөп түссем, бас изе, жарай ма? – деді Азамат.

Медеттің екі көз әлі линолеум өрнегінде.

- Сен тобыңның басқосуына баруға мүлде қарсы емессің. Өзгеге көмектескен саған тіпті ұнайды.

Азамат сәл үнсіз қалды. Медет болар-болмас бас изеді.

- Бірақ мектептен тыс жерде балалармен аралсуға ұяттық жасап қоям деп қорқасың. Ендеше, олар өзара сөйлесе берсің, ал сен өзіңмен өзің шеткерірек отыратын бол. Оған қалай қарайсың?

Медет тағы бас изеді.

- Түсінікті, - деп Азамат арқасын орындық арқалығына тіреді. – Бұл – шешуге болатын мәселе.

- Мен тырысып көрдім, - деп айтып қалды да, медет мең-зең болып қайта үнсіз қалды. Қатты көмек сұрағысы келді. Бірақ сырын ашып айтуға жүрегі дауаламады, Азаматтың бұдан көңілі қалса, не болар. Ал есіркесе, одан да жаман.

Азамат саусағымен кеңсірігін қағып сәл отырды да:

- бүйтейік, - деп үстелінің жәшігін ақтарып, бір кітап шығарды. – Сенсең де, сенбесең де, бұрын мен де тура сен секілді қиналатынмын. Оны аз десең, бір танысым жоқ ортаға баратын кезде әлі күнге бойымд қорқыныш билейлі.

Азаматқа Медет таңырқай қарады. Осы әңгіме бірінші рет басталды. «Азамат па? Мінезді, өзіне –өзі сенімді Азамат па?

- Кезінде маған мына кітап қатты көмектесті. Әліг күнге жанымда ұстайм, кейде қайталап оқып қоям, не үшін... ы-ы... батарейімді қуаттап қою үшін. Сен де оқып шық. Керек жаттығу айтылған жерде бетбелгі тұр.

Медет жүрегі лүпілдеп, кітапты алды.

- Әуелі өзің көр. Егер осы демалыста да тобыңа қосылуға жол бермейтін «форс-мажор» болып жатса, сабақ соңында бірге айналысатын боламыз. Жақсы ма?

Медет үнсіз бас изеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: