| 08/09/2025, 18:09 | |
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ Апта соңында «А»-лықтарды тосын сый күтіп тұр еді. Таңертең 37-бөлмеге келгендерінде мұғалім үстелінің кітапқа толып тұрғанын көрді. Азамат қабырғаны түгел алып тұрған шкаптардың бірін босатып қойыпты, енді Зарина екеуі сөре-сөреге орналастырып жатыр екен. Ісін бітіргенде: - Бұл – үйдегі кітапханамның бір бөлігі, - деді Азамат. – Соңғы жылдардағы ең озық нон-фикшн авторлар: Ричард Докинз, Франс де Вааль, Митиу Каку т.б. Көркем әдебиеттен де бар. Әркім өзіне қызық бірдеңе табады деген үміттенем. Сендерге де, айтпақшы, құрбы-құрдасыңа пайдасы тиеді деген кітаптарыңды әкеп қосуларыңа болады. Сендердің талғамдарыңды білу маған да қызық. – Азамат кітаптарды сипап өтті. – Тағы бір нәрсе. Осы кітаптардағы сендерді тәнті еткен оқиға немесе ойды бөлісілерің келетін болса, оған сынып сағатының 10-15 минутын бөле аламыз. Ерікті түрде, бірақ бәрі кәсіби үлгіде болуға тиіс: слайдтармен, сұрақ-жауап бөлігімен. Бір жағынан, дайын бағыт пен инсайтты бөлісіп, бір-біріңнің уақытыңды үнемдейсіңдер. Екінші жағынан, көпшілікке қызықты да түсінікті етіп таныстырым жасай білу деген ең маңызды дағдының бірін дамытасыңдар. Сендер үшін бұл – осы өнерді игеу мүмкіндігі. * * * - Аршат. Арша-а-ат! - Ау? - Сені шақырып шаршадым-ау! Кешкі ас ішкелі жатырмыз. - Қазір-қазір, жарты бет қалды. Аршат ешқашан кітапқұмар болған емес. Сөреден қолына түскен кітапты ала салған. Азаматтың кітапханасына тап берген сыныптастарынан қалғысы келмеп еді. Қызық болғанда, Жердегі ағзалардың дамуы тарихына басымен сүңгіп кетті. Планетада енді пайда болған тіршілік иелерінің алғашқы айқасын елестетті. Болашақ митохондрияны басып алып жатқан протожасуша. Ядроның пайда болуы туралы вирустық теория. Бәсекелесін жеңу үшін күрделірек ақуыз синтездеген рибонуклейнді қышқыл молекулалары. Биологияның осыншалық қызық пән екені Аршаттың үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді. Түнге қарай оқып бітіріп, қайран ақлған халде кітапты жапқанында Аршаттың бойында білімге деген құмарлығы оянды. Кітапта, әрине, қызық дерек көп екен, бірақ мұның көкейінде жаңадан туған сұрақ одан да көп еді. «Осы тақырыпта тағы не оқуға болатынын ертең Азаматтан сұрау керек», - деп ойлады. Ұйқыға кетіп бара жатып келесі сынып сағатында микроәлем ғажайыптары туралы таныстырым жасап, құрбы-құрдасын аң-таң қылатынын елестетті. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
