Ықыласпен тоқылық...
04/06/2025, 00:01

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

- Қараңдар. Компьютерлік ойын ойнағаныңда, мысалы стратегия дейік, сен сондағы ноу-хауды зерттейсің ғой, дұрыс па? Ой-шұқырын, дұрыс жүрістерді. Сонда басымдық сен жақта болады. Сөйтіп жүргенде сол ойынның жаңа нұсқасы шығады. Сонда қайтесің? Түк білмей, аңырып отырамысың? – деп азамат балаларға сұраулы кейіппен қарады.

- Жоға да, бұрын ойнаған ойының болса, жаңа нұсқасын да тез игеріп кетесің, - деді Мансұр.

- Әлбетте! – деп басизеді Азамат. – Алдыңғы нұсқасын зерттегенде қажет дағды қалыптасады.пернелер мен тінтуір арқылы тез басқаруды, негізгі ұтысты тактиканы, тағы командаласпен бірлесе қимылдауды біліп аласың. Дұрыс па?

Сәбит алға ұмсына түсті. Азаматтың не айтпақ болып тұрғанын түсініп қойған Бекзат көзін сығырайтты.

- Мектеп те дәл сондай ойын. Жан-жануар мен өсімдік жасушасының құрылысын, ежелгі дүниенің тарихын танып, септік пен Менделеев кестесін жаттайсыңдар. Осы бір үлкен білім қоржынындағы кейбір нәрсенің жұмыс орнына шынымен де керегі болмайды. Мәселен, сәулетші болсаң, саған Шығыс Еуропа экспорты туралы ақпараттың түкке де қажеті жоқ. Я болмаса ІТ мамын болу жолына түссең, бәлкім, «вакуоль» деген сөзді ешқашан қолданбассың. Оның үстіне сендер өміріңдегі тұңғыш түйіндемеңді жұмыс берушіге ұсынған кезде мектепте алған біліміңнің қайсыбір бөлігі ескіріп үлгереді.

Медет көзін сығырайытты. Жинаған білімінің мектептен тыс жерде ешқандай артықшылық бермейтінін қабылдау қиын бұған. Өзі құралпы балалардың көбімен салыстырғанда көбірек білетіндіктен, есейгенде мұны табысты өмір күтіп тұрғанына бұған дейін сенімді еді. Азамат болса миыңдағы деректер қоры сондайлық бір қажет дүние емес дегенді меңзеп тұр.

- Бірақ, - деп жалғастырды азамат, - білім алу барысында сендер басқа нәрсе, шынымен маңызды нәрсе үйренесіңдер. Онсыз ересек өмірде өте қатты қиналасыңдар. Сендерде дағды, басқа, ересектер деңгейіндегі ойынның дағдысы қалыптасады. – Азамат тақтаға барды да, айтып тұрып тез-тез жаза бастады. – зейінді шоғырлау. Жаңсақ немесе керексіз ақпараттан пайдалысын елеп алып, игере білу. Командада жұмыс істеу дағдысы. Тапсырманың берілген мерзімін сақтау және кейінге ысыру ауруымен күресу. Эмоциялық зия. Ойыңды жеткізе білу және жұрт алдында сөйлей білу. – Жазылған сөздер балаларға көрінсін деп, Азамат тақтадан алыстады. – Бұл әлгі soft skills дегеннің, яғни өмірлік маңызы бар «жұмсақ» дағдылардың толық тізімі емес. Тағы айтам, ересектер әлемінде мектептік білімнің қайсыбір бөлігі сендерге керек болмайды. Есесіне мектеп – сол soft skills дегенді шыңдайтын жер. Жұмыс берушілердің көбі қызметкерлерінің бойында осы дағдыларды қалыптастыру жолында нешелеген ақша жұмсайды. Ойлаңдаршы, сол дағдыларды мектептен қалыптастырып дайын боп келген сендер қандай құнды қызметкер боласыңдар!

Балалар естіген ақпаратын үнсіз қорытып отыр. Мектепті компьютерлік ойынмен салыстыру деген, әрине, біртүрлі. Бірақ мұнда елітіп әкетер бірдеңе бар ма, қалай. Арбалған балалардың ішінде Бекзат бірінші болып есін жинады:

- Мақұл-ақ, ал біз бұл дағдылардың қалыптасуын тездете аламыз ба?

Азамат нық сеніммен бас изеді:

- Өздеріңде қылас болса, қызметтеріңе мен дайын. Қалай, кірісеміз бе?

«А»-лықтар келісім білдіріп жамырай жөнелді.

- Тамаша! Онда әліппеден бастаймыз. Ең әуелі үйренулерің тиіс нәрсе – командада жұмыс жасау. Келешекте немен айналыссаңдар да, басқа адамдармен арадағы интерактивсіз табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан бәрінің тілін тауып үйрену керек, ол – өте маңызды. Бұл дағдыны тек тәжірибе жүзінде ғана дамытуға болады. Сыныпта отыз оқушы бар. 6 адамнан 5 топқа бөлініңдер. Бүгіннен бастап әр топ сабаққа бірге дайындалады. Бір-біріңе үй тапсырмасын орындауға және күрделі тақырыпты түсінуге көмектесесіңдер, қиын сұраққа бірге жауап іздейсіңдер. Үзілісті, сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі уақытты пайдаланасыңдар.

- О, мен Медетпен бір ттоптамын, - деп Аршат айғай салды.

- Қуын қарай көр! – деп Шолпан назданды.

- Брейк, - деп Азамат дауға нүкте қойды. – Топтар құрамын кездейсоқ тәсілмен анықтаймыз. Сосын ай сайын ауыстырып отырамыз. Өйткені кез келген топта жұмыс істеп үйренулерің керек.

Сөйтіп, «А»-лықтар әрбірі өз есімін жазған қағазын жұмарлап, Азамат қосалқы бөлмеден алған өлшегіш цилиндрге тастады. Сосын мұғалім Заринаға сол қағаздардың бәрін араластыртып, алты-алтыдан алғызды – топтар құрамын солай анықтады.

Медет: «Аружан екеуіміз бір топқа тап болсақ қой, шіркін!» - деп армандады. Бірақ Т-Рекс, Зарина және үш қызбен бір топта болып шықты. Көңілі бұзыла қойған жоқ. Ең болмағанда, әйтеуір, Шолпаннан құтылды ғой. Оның үстіне бір айдан кейін топтар қайта құрылады. Шашы толық өседі де, сол кезде... Кім білсін, мүмкін Аружанмен сөйлесуге батылы жететін шығар?

Азамат балаларға бір-бірінің нөмірін жазып алуды бұйырды. Медет бірінші рет құрбы-құрдасына өз нөмірін беріп, өзі де бес сыныптасының нөмірін жазып алды. Бұлар Заринаның үйінде жиналып, бірлескен жұмыстың стратегиясын түзуге сөз байласты. Медет үшін бұл алғаш рет сыныптас қыздың үйіне қонаққа баруы болмақ. Сондықтан бойын шамалы қорқыныш билей жөнелді. Есесіне Азаматтың жаңа жүйесінің арқасында өзінің «Сыныптастармен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу» жоспарынан озып кететіні анық еді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: