27/05/2025, 23:11 | |
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ Азаматтың сынып жетекшісі болатыны туралы жаңалықты «А»-лықтар өздеріне тән емес ерекше шаттықпен қабылдады. «Сынып жетекшісі қанша күнге шыдайды екен» деп бәс тігу Мансұрдың ойына да кіріп-шықпады. Сабақ кестесінде жұма күнгі соңғы сабақ астында «сынып сағаты» деген жазу пайда болды. Аптаның қалған күндерін «А»-лықтар жаңа физикті талқылаумен өткізді. Азамат жұмбақ адам еді. Бұл мыналардың түсінігіндегі мұғалімге еш ұқсамайды. Азамат тез-ақ мектептегі ең атышулы мұғалімге айналды. «А»-лықтардан басқа бұған тағы екі-екеуден сегізінші және жетінші сынып берілді. Бұрынғы мұғалімдері сабақ беріп жүрген қосарлас сыныптардың балалары Азаматтық не экспиремент жасатқанын естіп аузының су құрып жүреді. Тіпті Бәрібірдің өзі нендей авиашоуды өткізіп алғанын естіп, физика сабағынан қалмайтын болды. «А»-лықтардың бұлай әлдебір сабақты тағатсыздана күтуі болмаған жағдай еді. Енді, доп пен еркіндік берілетін «ДШ»-ны қоспағанда. Жұма күні «а»-лықтар соңғы сабақтан кейін 37-бөлмеге жүгіріп келді. Азамат күтіп отыр екен. Балалар тез-тез орындарына отырып, құлақ түре қалды. Сағат сыртылынан басқа дыбыс естілмейді. - Ал, 9 «А», енді біз бәріміз бір кемедеміз, - деді азамат амандаспастан. – Ендеше, алдын ала бірнеше ереже бекітіп алайық. Теория үзінде сендер мектеп қабырғасында жүргенде үлгеріміңе, тәртібіңе және көңіл күйіңе сынып жетекшісі ретінде мен жауаптымын. Бірақ... – Азамат сәл кідіріп, бөлме ішін көзбен шолды. – Бірақ өздерің де талпынбасаңдар, мен еш көмектесе алмаймын. Әрі-беріден кейін, әркімнің өз өмірі өзіне. Әркім өз өміріне өзі жауапты. Мұғалімдер емес, тіпті ата-ана да емес. Өздерің! Айтпақшы, сынып жетекшісі ретіндегі бірінші уәдем сол, өз бастамаммен ата-аналар жиналысын жасаймаймын. сендердің өмірлерің ең қатты толғандыратын жандардың өзімен тікелей қарым-қатынаста болғым келеді. яғни Сендермен. «а»-лықтар бір-біріне қарады. Мұнысымен Азамат естелік жөнінен ересектер арасындағы рекордтың бәрін ұрып кетті. - Мен ақыл қосып, тәжірибемді бөлісе алам. Бірақ сендер үшін ештеңе істеп бере алмаймын. Сондықтан осы бастан келісіп алайық. Сендердің жеңістерің де, жеңілістерің де – тек сендердікі. Менің міндетім, айталық, кеңес беру. – Азамат тақтаға тез-тез телефон нөмірін жазды. – Мынау менің қалта телефонымның нөмірі. Кез келген уақытта хабарласуға болады. Тіпті көмектесе алмағанның өзінде, құлақ асып, сұраққа шын жауап беруге уәде берем. «А»-лықтар бас салып нөмірді қойындәптеріне немесе телефонына жазып алды. - Шын жауап берем дейсіз бе! – деді әлішер күмәндана. Азамат бас изеді. - Онда сұрақ қойсам, бола ма? – деп әлішер қулана күлімдеді. – Сіздің бірнеше жыл шетелде жұмыс істегеніңізді білмеміз. Жұмысыңызда мектепте алған біліміңіз пайдаға асты ма? - Ә дегеннен өстісіңдер ме енді! – деп Азамат жымиды. – Мақұл, уәде аты уәде. Кейбір сабақтан алған білімім, иә, пайдаға асты. Кейбірінің мүлде керегі болған жоқ. Сендерге де мектепте алған білімнің көбі жұмыста керек болмайды. Балалар толқып кетті. «Мәссаған! Мектепте алған білімнің керегі болмайтынын мұғалім ашық айтып тұр». - Алайда! – деп Азамат саусағын көкке шошайтты. – біріншіден, мектеп беретін білім ақша табу үшін ғана керек емес. Білім адам қоғамында өзіңді жайлы сезінуің үшін керек. Топас деген атқа қалғың келмесе, қаласаң да, қаламасаң да жердің домалақ, ал Лондонның из э кәпитал оф Грейт Брөтн екенін білуге тиіссің. Екіншіден, тіпті қажетсіз білім алып жатырсың дегеннің өзінде, саған білім алу барысында қалыптасатын дағды керек болады. – Азамат орнынан тұрды да, сынып алдына келіп тұрды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |