12/05/2025, 23:35 | |
ЖЕТІНШІ ТАРАУ - Арша-а-ат! - А-а? - Сабағыңды орындадың ба? - Орындадым деуге болады. - Қаншалықты болады? - Кәз кірісем. - Сен сонда бастамағансың да ма? - Мына деңгейді өтіп тастайын, сосын бастайм. - Мұның алдында да осылай дегенсің. Қане, өшір! - Түу-у, мама! - Баяғыда лақтырып жіберуім керек еді осы бәлені. Қалай ғана рұқсат бергем десейш» - Болды-болы, өшіріп жатырм. Кәз. Сақтай саласын. Аршат эльфтер мен орктар әлемімен қоштасып, ауыр күрсініп алып, математика әлеміне сүңгуге кетті. Бұл пән бұған қиынға соғып жүр. Алтыншы сыныпта «матешаны» түсінуден қалған, содан бері тек көшірумен ғана бақылаулардан аман өтіп келе жатыр. «Төух, тағы не!» - деді үйге не берілгенін қарап жатып. Үй тапсырмасын орындай алатынына өзі де сенбейді. Бірақ, қалыптасқан әдет бойынша, шешесі кешкі асқа шақырғанға дейін бұл дәптерін шимайлап, маңдайы тершіп, ыждағатты кейіпте отыра тұруы керек. * * * Қайсар кешкі асқа теңізшілер тәсілімен макарон басты. Шешесі бұл жолы да жұмыстан кеш келді. Екеуі үнсіз отырып ас жеп алды. Қайсар ыдыс-аяқты шұңғылшаға қоя бастады. Шешесі ырзашылықпен күлімдей сөйледі: - Қолқанатым менің. Сабағың қалай, ұлым? - Жаман емес. Физикадан үш бестік алдым. - Қанша-қанша?! – деп шешесі таңдана қуанды. – Керемет қой, саған физика ұнамайды деп ойлаушы ем. - Өзім де аң-таңмын. - Не сұрақ еді ол? - Практикалық тапсырма болатын. Біраз қолмен жұмыс істеуге тура келді. - Ғажап! Ылғи айтам ғой, сенің қолың алтын деп. - Жарайды, мені қойшы, өзіңнің жұмысың қалай? - Қалай болушы еді, бас дәрігер аауысты. Бір қатал көке келді... Қайсар шешесінің емделушілер, бөліміндегі қызықтар туралы әзіл аралас әңгімесін ыдыс-аяқ жуып жатып тыңдады. Бұлай әңгімелеспегендеріне біраз болған. Қайсардың бетіне шамалы қан жүгіріп қалды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |