Ықыласпен тоқылық...
17/02/2025, 23:07

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Мектептің қызығы үзілісте ғой. Сабақтар сағаты басталғанға дейінгі 30-40 минуты-ай, үзіліс емей немене, үзілістің төресі де. Бұл –нағыз сыпсың сөздің, қызға қырындаудың уақыты, үй тапсырмасын көшіретін кез.

Алдын ала түзген жоспары бойынша Медет, міне, осы уақытты өз пайдасына жаратуға тиіс еді. Сыныптастарымен қызықты әңгіме-дүкен құрып, таным көкжиегінің кеңдігімен, ойының жүйріктігімен таңдандыруы керек тұғын. Бұлардың жеке өмірінен де сыр суыртпақтауға еш кедергі жоқ еді. Медет үңіле оқыған кітаптардың авторлары бірауыздан мұны өзгелерге ұнаудың төте жолы деген жоқ па.

Бірақ, міне, оқу жылының басталғанына бақандай бір апта өтті, ал Медеттің балалармен аралас-құралас болып, әрекет жасауға әлі де дәті барара емес.

Таңертең тағы да шашы өскенше ерік-жігерін шыңдап көрді. Сосын оспадар шындықтан және жеңіліс тапты да, амал жоқ, Жоспарды бір айға кейінге ысыра тұруға ұйғарды. Ең болмаса шашы тарауға келгенге дейін.

Сөйтсе де мектепке ерте келіп алды. Ескі әдеті ғой. Ерте шықсаң, қоғамдық көлікте адам аз болады. Ал ең бастысы, озат оқушының синдромы ғой сабаққа кешіктірмейтін, бұл жазда да осы әдетінен арылмаған екен.

Әдетте Медет келгенде сынып бөлмесі жабық тұратын. Сондықтан бұл секілді таң азанымен тұрып алатын «әтештер» сыныпбасы немесе мұғалімдердің сеніміне кірген қайсыбір қыз келіп есік ашқанға дейін күте тұрады. Сол кілтті өзі барып алса да болады ғой, біақ мұндай ой ұяң Медеттің ойына келген емес.

Ал бүгін, жаңа оқу жылындағы мұның алдындағы күндердегідей, есік айқара ашық, жаығы жанып тұр. Шамасы, Зарина өзінің жаңа міндетіне қатты кіріскен-ау. Медет бөлмеге кірген кзеде тіпті бұған қараған да жоқ, журнал толтырып жатыр. Көзі жақсы көретін сияқты еді, неге екенін, су жаңа сәнді көзәйнек тағып алыпты. Әлде, мектептің серкелеріне ұқсағысы келіп, сырт келбетін өзгерткен түрі ме екен.

Соңғы партада Сәбит, тәтті ұйқыда, лақап аты Бәрібір. Бұл үнемі бәрінен бұрын келеді. Медет бірде-бір рет бұдан ерте келіп көрген емес. Бірақ Сәбит сабаққа деген құштарлықтан бүйтіп жүрген жоқ еді. Қоңырауға дейін ұйықтайды да, сосын ізім-ғайым жоқ болып кетіп, үшінші сабаққа қарай қайтадан пайда болады, кейде сол күйі келмейді. Қайда жүреді, ешкім жоқта несін келеді, аам түсінбейді.

Сынып тіршілігіне Сәбит мүлде қатыспайды. Анда-санда болатын сенбілік, сыныпаралық жарыс секілді қоғамдық шараның да ешбіріне қатысқан емес. Сыныпбасы оның не десе, «Маған бәрібір», - дейтін. Бәрібір атанып кеткені де содан.

Медет өз партасына барды да, арқадорбасынан кітап суырып алды. Тып-тыныш отырып кітап оқитын осы уақытты жаны сүйеді.

Бес минут өтер-өтпес Аршат кіріп келді. Қолында баяғы қара папкасы, оқулықтарын әдейі әкелмейді, біреудікін пайдаланады. Папкасында жалғыз ғана дәптер, қай сабақта болсын, сонысын шығарады да, танктер шайқасын салады.

Өтіп бара жатып, терезе алдына тоқтай қалып, таңғы мезгілдің сұлу көрінісін тамашалады да, қатты күрсіне партаға папкасын тарс еткізіп:

- О, жаратқан ием! Қашан құтыламыз осының бәрінен? – деп айғай салды.

Ешкім міз бақпады, себебі бұл – Аршаттың күнде айтатын сөзі. Медет кітабынан, Зарина журналынан бас алмады.

- Қашан құтыламыз деймін, - деді Аршат тағы да.

- Неден? – деді қатты дауыстап оянып кеткен Сәбит тамағы қырылдап.

Аршат екі қолын екі жаққа жайып жіберіп:

- Мектеп! Сабақ! Үй тапсырмасы! Мынаның бәрінен! – деді.

Зарина жөткірінді:

- Оқу жылының басталғаны жаңа, ал сен әлден шаршадым дейсің.

- Әрине, таң атпай тұрудан шаршадым. Бір автобустан екіншісіне ауысып мінуден шаршадым. Шар-ша-дым.

Аршат өз орнына барып отырды да, орындығымен бірге шалқалады.

- Шаршадым емес, аршадым десеңші, - деді Сәбит партада жатқан қалпында. – Саған осы сөзді патенттеп алу керек, кейін өскеніңде «Әрі арзан, әрі тез аршатамыз» деген жарнамалық ұранмен өз компанияңды ашасың.

Зарина күлді. Медет те өз-өзін ұстай алмай мырс етіп, кітабына сілекейі шашырап кетті. Әйтсе де мұндай бассыздық күтпеген Аршат жалт бұрылуын бұрылғанымен, аузына сөз түспей тосылып қалды. Таңдатаныт түгі жоқ, себебі балалар үшін Сәбит бір мезгілде пайда болып, сосын жоқ болып кететін жиһаз іспетті еді, сондықтан мұны қатары баяғыда-ақ адам санауды қойған, оның бүйтіп сөйлегені жұрт назарынан тыс қала беретін. Аршат ұтқыр жауап ойлап таппақ болып жатқанда Т-Рекс кіріп келіп, ойы бөлініп кетті. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: