Ықыласпен тоқылық...
04/02/2025, 13:14

ҮШІНШІ ТАРАУ

Сыныптастары үшін де бұл қызметке бұдан артық жан жоқ – керек кезе сыныптастарын жасырып қалудан ұялмайтын. Бірақ өткен жылдың соңында Аружан «үлкен саясаттан» кететінін айтып мәлімдеме жасады. Өйткені биыл осы мектептің екінші сыныбына барған інісіне қарауы керек. Оның миы өзінің биологиялық функциясын орындай бастағанға дейін (әрине, бұл жақын арада бола қоятын құбылыс емес) ерекше бақылауды қажет етеді. Сондықтан мына жақтағы тағы бір топ тентекке қарайтын уақыты болмайды.

- Түсінікті... Жарайды. Өздерің шешерсіңдер. Сыныпбасын сайлаған соң кітапханаға келіп кітап алыңдар. Бес-бестен келіңдер. Кімнен кейін кім келетінін сыныпбасы белгілесің. Кімнен кейін кім келетінін сыныпбасы белгілесін. Түсінікті ме?

«А»-лықтар тіріліп қалды. Мектептің ескі дәстүрі бойынша жаңа кітап – алып үлгергендікі. Үлгермегенге – «секонд хэнд». Тайталас тұтанып келе жатты.

- Сонымен, мен кеттім. Оқулықтарыңды алып болған соң есігін жауып кетіңдер. Аружан, кілтті ұстаздар бөлмесіне апарарсың. Ертеңгі кесте дәлізде ілулі тұр. Яао-какао.

Есікті бетке алған орынбасар кілт тоқтай қалды да, бетін тыжырайтып:

- Айтпақшы, Айдаров, сен неге бас киіммен отырсың?

«Қап, қырсыққанда осы енді!»

- Басым тоңады, - деп міңгірледі Медет.

- Шеш! Басың салқын, жүрегің ыстық болуға тиіс.

Медет қолын кепкісінің күнқағарына апарып, шешпек ыңғай танытты да, Роза арыстанқызы бұрылып сыныптан шығып кеткенде жеңіл күрсініп, қолын түсіре салды. Сол-ақ екен, біреу басынан кепкісін жұлып алды.

Аршат бұрынғыдай балалықпен қимылдаған еді. Медет те артына жалт бұрылып, орындығын шалқасынан түсіріп, Аршатқа тап берді. Оқушылар сынып гладиаторлар шайқасын көріп қаламыз-ау деген үмітпен шу ете түсті. Қайсар орнынан түрегелді. Осы кезде: «Қане, тынышталыңдар!» - деген орынбасардың айғайы естілді.

Медет пен Аршат аргентиналық танго биін билеп жатқан бишілердей болып аңырып қалды. Айғай-шу мен тарсыл-гүрсіл басталғанда Роза арыстанқызы әлі алыстай қоймаған еді:

- Бір минутқа да қалдыруға болмайды сендерді! Бетіміз бұрыла бере не боп қалды сонша? Камалов, Айдаров! Не жетпей қалды сен екеуіңе?

Екі ұлдың басы салбырай қалды. Ашуы көтерілгенде Роза Арыстанқызы аждаһадай қорқынышты болып кетеді. Ешкім көзіне қарай алмайды.

- Бірінші бастаған Камалов, Медеттің басынан кепкісін жұлып алды, Роза апай, - деді Аружан.

- Өзіңіз айттыңыз ғой... – деп Аршат сөйлей беріп еді, жағдайды бағамдап үлгерген орынбасар:

- Сен, Камалов, әдейілеп Айдаровтың артына отырып алып, бақылаудың бәрін көшіресің. Төбелескенің не, сен оның портфелін тасуың керек, түсіндің бе?

Ұлдар ду күлді.

- Қысқасы, былай, Камалов! Соңғы рет ескертем. Тағы бір шу шықсын осындай, жаңа оқу жылында ата-анасы мектепке бірінші шақырылған бала боп рекорд жасайсың, түсінікті ме? Айдаров, кепкіңді сыртта киесің, іште басың дем алсын. Отырыңдар екеуің де!

Медет Аршаттың қолынан кепкісін жұлып алды да, гүрс етіп орнына отыра кетті. Бүкіл сыныптың көзі өзінде екенін төбе құйқасымен сезді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 19 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: