Тағылымды тәлім
05/07/2021, 17:15

ҰЙҚЫҢНАН ОЯТЫП ЖІБЕРДІМ БЕ?

Үйдің телефоны таңға жуық, сағат 03.30-да шырылдады. Ұйқылы-ояу телефон тұтқасын көтеріп, анасыынң дауысын естиді. Оның: «Балам, қалайсың?» - деген сұрағына, назданып: «Не болып қалды тағы?! Тыныштық па?» - дейді. «Тыныштық қой. Жай ғана дауысыңды естігім келді», - дейді анасы. «Мама, түн ортасы сол үшін ғана звондадыңыз ба?!» - дейді ол. «Ұйқыңнан оятып жібердім бе?» - деп сұрайды анасы, бұл сұрағына одан ары ашуланып баласы: «Әрине! Таңертең звондасаңыз да болар еді ғой!» - деп еді, анасы: «30 жыл бұрын сен де мені тура осы сағатта оятқан болатынсың. Туылған күнің құтты болсын, балам!» - дейді анасы.

 

АЛҚАШТЫҢ БАЛАЛАРЫ

Ішімдікке әуестігі бар адамның бір баласы да ішімдік ішіп түрмеге түседі. Екінші баласы болса үлкен компанияның бас директоры. Бұл жағдай журналистердің назарына түсіп, әкелерінен сұхбат алмақшы болады. Сұхбат барысында әкелері екі ұлына да бірдей қаарғанын, бірдей «тәрбие» көрсеткенін айтады. Журналистер алдыменен түрмеде жатқан баласының қасына барып, не себептен осындай жағдайға түскенін сұрайды. Жауабы айдан анық: «Ішімдікке тәуелді әкемді көрдіңіздер ғой, бұдан басқа не жасай алар ем?». Бір қызығы журналистер ба директор болған ұлына да тура осы сұрақты барып сұрап еді, оның жауабы да: «Ішімдікке тәуелді әкемді көрдіңіздер ғой, бұдан басқа не жасай алар ем?» - болды.

 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 167 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: