28/06/2021, 15:28 | |||
БАЛЫҚШЫ мен ЖЫН Балықшының қармағына бір құмыра ілінеді. Оны сипап қалғанда ішінен «әміріңізге құлдық» деп жын шыға келеді де, кез келген үш тілекті көзі ашып-жұмғанша орындайтындығын айтады. Балықшы біраз ойланып: «Сұрайтын еш нәрсе таба алмадым, дұрысы – көп тілегім бар, бірақ соларда үшеуін таңдай алмай тұрғаным-ай. Алдыменен мені аұылды адам етші, ақылды болсам қалған екеуін бірдеңе ғып ойлап табармын», - дейді. Жын ОК деп, балықшының тілегін орындайды. Енді кезек қалған екі тілекте, оларды айт дегенде, балықшы оған былай дейді. «рақмет, бірақ басқа ешбір қажеттілігім жоқ...»
СЕНІ ОЯУ ДЕП БІЛГЕНІМІЗ ҮШІН Шаһардың шетінде тұратын бір кемпір, падишаөтың сарайына келіп онымен көріспек болады. Падишаһтың хұзырына шығып, үйінің белгісіз біреулермен тоналғанын айтып, осыған падишаһ кінәлі деп айып тағады. «Қызықысыз, тәтті ұйқыға батқаныңыз соншалық үйіңіздің тоналғанын да байқамапсыз. Неге бұған мен кінәлі болады екем?» - деп еді, кемпір: «Падишаһ! Кешірерсіз, бірақ біздер сені ояу деп білгеніміз үшін, үйлерімізде жайбарақат ұйықтатйын едік», - дейді. Мұндай жауапты күтпеген падишаһ ұялып, ұрланған заттардың толық құнын төлеп береді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
| |||
Просмотров: 201 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |