15/06/2021, 12:28 | |||
ӨТІРІКШІ ДЕП КІМДІ АЙТАДЫ? Имам Ғазали былай деген екен: «Төрт нәрсені жасамай, төрт нәрсені айтып жүрген кісі – өтірікші!» Кімде-кім жаннатқа барғысы келетінін айтып, ешбір ғибадатты орындамаса – өтірікші! Кімде-кім Пайғамбарлы жақсы көргіһенін айтып, ислам ғұламаларын ұнатпаса – өтірікші! Кімде-кім тозақтан қорқатынын айтып, күнә жасаудан арылбаса – өтірікші! Кімде-кім Аллаһты жақсы көремін дей тұра, тағдырындағы қиыншылыққа шағымданса – өтірікші!
ДҰҒА КҮШІ Ерте, ерте, ертеде... бір елді-мекенде құрғақшылық басталады. Тұрғындардың бәрі бұдан зиян көрсе де, шарасыз болады. Ақыры жұрт барлық дертке дауа болатын Жаратушыға бет бұрады. Үлкені бар, кішісі бар бәрі Құдайдан жаңбыр тілеу үшін бір жота басына жиналады. Дұға оқылып бітпей жатып, тілегендеріне жауап ретінде, жаңбыр құйыла бастайды. Бір қыздан басқасының бәрі жаңбыр астында қалып су болады. Жиналған қауым ішінен сол бір қыз ғана үйінен қолшатыр алып шыққан екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
| |||
Просмотров: 173 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |