Тағылымды тәлім
01/06/2021, 17:02

ӨМІРІМІЗДЕГІ 1 мен 0-дер

Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студенттеріне қарап: «Бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет», - деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: «Ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады», - деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік... тәртіптілік... сүйіспеншілік. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: «Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды».

 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: