Тағылымды тәлім
17/05/2021, 22:46

ӨМІР СҮРУ ПӘЛСАПАСЫ

Ағылшын Richard Wilkins “Mentai Tonic” атты кітабында өмір сүру пәлсапасының негіздерін тізіп жазады. Солардан бірнешеуі:

  • Нағыз өзгеру – ескі нәрселерді басқаша көруден тұрады.
  • Терезеңіздің әйнегі кір болса, далаға шығып көріністі әсемдету бос әурешілік. Егер сіз өзіңізді жақсы көрмесеңіз, басқасы қалайша жақсы көрсін.
  • Ата-анаңыз туылуыңыз үшін жауапты, қалай өмір сүргеніңіз үшін емес.
  • Өткенді үй емес, бір кітап сияқты қолданыңыз. Күлімдеу – рухтың биі.
  • Өміріңізге жақсы өзгерістер, энергияңызды қорқуларыңызға емес, армандарыңызға жұмсаған кезде басталады.
  • Қасыңыздағыны шын тыңдайсыз ба, әлде сөйлеу үшін өз кезегіңізді күтіп отырсыз ба?
  • Екіжүзділік тек өзіне ғана байқалмайды.
  • Нағыз байлық: уақытты ақшаға айырбастау емес, оны адамдар үшін жұмсау.
  • Әуен ноталар арасындағы үнсіздіктен пайда болады.
 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 156 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: