11/05/2021, 16:09 | |||
ТАПҚЫРЛЫҚ Хазреті Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта олардың жанына бір қария келіп, дәрет алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері қарттың дәретті дұрыс алмағандығын байқап, қасына жақындайды. Алайда, қателігін бетіне басып, ұялтқанды жөн көрмеді. Екеуі біраз ойланып, Хасан былай деп сөз бастайды: «Ата, мынау менің бауырым. Бұл маған: «Сен дәретті дұрыс алмайсың» дейді. Екеуміз сіздің алдыңызда дәрет алып көрсетейік. Сіз дұрысын айтыңыз»,- дейді. «Жарайды, балаларым! Ал, бастаңдар», деп келісімін білдіреді. Екеуі ақсақалдың алдында дәрет алады. Қария оларға қарап: «Балаларым! Екеуіңнің де алған дәреттерің дұрыс... Сендерге қарап, өзімнің дұрыс дәрет алмағанымды сезіп отырмын. Кішіпейіл де көркем мінездерің мені таңқалдырды. Өркендерің өссін, қарақтарым. Аллаһ сендерге разы болсын!» - деп риза болыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
| |||
Просмотров: 165 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |