03/05/2021, 09:55 | |||
ҰҚЫПТЫЛЫҚТЫҢ КӨРСЕТКІШІ Исмаил Бухари Әз-Пайғамбардың хадистерін жинауға өмірін арнап, жаңа хадис есту немесе жазып алу үшін дала кезіп, апталап-айлап жол жүрген кездері көп болатын. Бірде көп сахабалармен жүздескен бір кісі туралы естиді. Әдеттегідей ұзақ жол жүріп жаңағы кісіні тауып алады. Үйіне жақындай бергенде, әлгі кісінің ноқтасын үзіп кеткен түйесін бос қаппен алдап шақырып, ұстайын деп жүргенін көреді. Бухари ол кісіге жолықпай кері қайтады. Неге бос қайтқанын, ең болмағанда бір-екі хадис жазып алмадың ба дегендерге былай деп жауап береді: «Мен түйесін алдап ұстайтын адамның айтып беретін хадисіне сенбеймін».
ҚАШАН ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ Жастары 30-дан асқан Арман мен Мұрат әңгімелесіп отырып, өмірдің жылдам ағымына таңданады. Арман: «Дегенмен нағыз өмір 40-тан кейін басталады деп ойлаймын», - десе, досы: «35 жасында өліп қалмасаң ғана», - деп жауап берген екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
| |||
Просмотров: 160 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |