19/04/2021, 12:15 | ||||
ӨСИЕТ Оқырмандар сүйіп оқитын әйгілі «Маугли» туындысын ұсынған керемет қаламгер Редьяр Киплингтің мына бір өлеңінде ғибратты тағылымдық тәлім бар: Масыл топта мұқалтпағай жігеріңді, Тұқыртып жатса да, табалап жатса да... Өзіңе сен, сыбанып ап білегіңді, Міз бақпағай жазықсыз кінә тақса да... Жұлдызың тумаса да оңыңнан – күт, сабыр қыл, Жалғандықтан бойды ада қыл! Құмартпағың! Кешірімді де бола біл жасамай дабыр құр, Міндет қылма! Аш жүректің бұлақтарын!
Арманнан қол үзбе, құлы болма бірақ, Ойға да шом ақиқаттан аластамай. Жақсы да, жаман да ұшырасар жолда, шырақ, Алма кезек... Шынтуайтқа барасыз қалай? Айтылған сөз – атылған оқ... Шайырға – сый. Сүйектен де өтер ол сөз, қатайтқанда. Салың суға кетпесін еш, айылды жи, Тойтарыс бер түбірге балта шапқанға!
Үмітсіз тек шайтан... Үміт үзбе! Әрбір істің болсын түбі тек жақсылық. Есе кетпес, опық жейді күдіксіз де, Жүрмеген жөн болмашы істе «аһ» ұрып. Тізгінін қолға ал – болмысыңның, жүрегіңнің, Түспесін деп Ібілістің арбауына. Асығы алшысынан түспесе егер кімде-кімнің, Хақы болар Ынтамен жол таңдауына.
Ұлық болсаң, кішік бол, дұрысы сол! Өзегіңді өртесе де, шыныңды айт. Қасыңның да, досыңның да ырысы бол, Әйтпесе оларың қырын қарайды! Уақыт ысырап етпей, мағыналы, Ғұмырдан сүр, мағынаға толасып шақ... Сонда саған күллі жаһан бағынады, Сонда, қалқам, Нағыз Адам боласың хақ! әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||||
| ||||
Просмотров: 179 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |