| 11/11/2026, 23:01 | |
ҮЙ БОЛУ Мүжілген сүйекті үйде қалдырма Самандун деген жын Сүлеймен пайғамбарға: - Уа, пайғамбар, адамдардың барлығының Құдай бұйыртқан нығметі бар. мен және менің ұрпақтарыма, қауымыма азық-тағамды Тәңірден сұрап, алып бер, - дейді. Сүлеймен: - Адамдардың асынан кейін қалған астың ұнтағы, қоқымы, сүйек-саяқ сенің және ұрпақтарыңның азығы болсын, - депті. Содан бастап жын-перілер астан кейін қалған ұнтақ пен сүйек-саяқты азық етеді екен. Әсіресе, желінген сүйекті түнде үйде қалдыруға болмайды. Өйткені оны жеуге бір қауым жын-перілер келіп, үйді жайлап алады. Осыған орай халық арасында «Сүйек-саяқты үйде сақтамай, итке таста» деген тыйым шығыпты. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
