Салт-дәстүр сүрлеулері
04/11/2026, 22:15

ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР

Әулиеге түнеу

«Алпамыс батыр» жырында бір балаға зар болған бейбақтардың әулиенің шарапатынан Тәңірден қалайша бала сұрап алғаны былайша баяндалады:

Әне-міне дегенше,

Сарғайып келіп таң атты.

Сол уақыттар болғанда

Көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,

Сырлы аса қолында,

Өзі Ақтың жолында

Бір диуана келді де,

Асаменен түртіп оятты.

Көкірегін оятып,

Бетіне бетін қаратып,

Есектен түспей тіл қатты:

- Ей, бейшара, мүгедек,

Жаныңызға не керек?

Дейсің ғой «маған ұл керек».

Әулиені қыдырдың,

Жердің жүзін сыдырдың,

Маңдайыңа төбелеп.

Әрқайсысының әртүрлі

Мәртебесі бір бөлек.

Сен үшін бәрі қиналды,

Бір жерге тегіс жиналды.

Бір ұл бер деп осыған,

Бір жаратқан Құданың

Дәргәһіне жылады.

Мен де тұрдым ішінде.

Әулиенің күші де

Жаратушы жалғыз Хақ

Дәргейіне ұнады.

Ұнағанын сонан біл,

Бір қыз қосып сыйлады.

Сексен сегіз сәруар,

Тоқсан тоғыз мың машайық,

Бәрінің көңлін қимады.

«Менің атым – Шашты Әзіз

Қыламын десең ықылас.

Жарылқады Жаратқан,

Ей, бейшара, көзіңді аш.

Ұлыңның аты – Алпамыс,

Қызыңның аты – Қарлығаш.

Атса мылтық өтпейді,

Шапса қылыш кеспейді.

Қалмақтармен болар қас,

Түрегел де қолың жай,

Болады ұзын өмір жас!» -

деп келеді. ал, қарасөзбен өрнектелген аңыз-әпсаналар өте көп.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: