Салт-дәстүр сүрлеулері
22/10/2026, 22:23

ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР

Әулиеге түнеу

«Қобыланды батыр» жырында осы культ былайша көрініс табады:

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Құдайысын береді.

Тоқсанға келген Тоқтарбай,

Жетпіске келген Аналық

Сөйтіп қызық көреді.

* * *

Әулиенің барды қасына.

Шырағын жағып басына,

Барып бір күн түнейді.

* * *

Тоқтарбай тұрып жылайды,

Жид қылып бір Құдайды.

Құдайдан бала сұрайды,

Әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып,

Шыбын жанын және айтып,

Етегін шеңгел сыдырып,

Әулие қоймай қыдырып...

* * *

Тоқтарбай мен Аналық

Екі нашар, қос ғаріп,

Екеуі де арыпты,

Арып, жүдеп талыпты.

Тоғыз жүз тоқсан әулие,

Баршасына барыпты.

Әулие қоймай саралап,

Маңғыстауы жағалап...

* * *

Маңғыстау мен Қараойы,

Әулиенің бар ойы.

Үш жүз сексен әулие,

Қойдай болып күңіренген,

Ұлсыздарға ұл берген,

Қызсыздарға қыз берген,

Жансзыдарға жан берген.

Әулиеге барайын,

Мойныма бұршақ салайын.

Көрер ме екен көз жасын,

Барып бала сұрайын.

Темірден кебіс киеді,

Темірден таяқ алады,

Оймақтай аузы бүріліп,

Етек-жеңін түрініп,

Шыбын жаннан түңіліп,

Тұрмады кемпір кідіріп.

Әулиеге жөнелді...

* * *

Дәретін алып, жуынып,

Белін бекем буынып,

Басына түнеп өтеді.

Жақсылықты сен алмай,

Еш нәрсені көре алмай

Бұдан да өтіп жөнелді.

Обаны көре отырып,

Тауды кезіп келеді.

Қызғышты судың бойында,

Екі беті әулие,

Бәріне қоймай түнеді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: