| 07/10/2026, 23:31 | |
ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР Әулиеге түнеу Бұл қазақ дүниетанымында ең көп кездесетін культтің бірі. Арыстан бабқа түнеу әдебінен басталған осы аңыз көшпелі қазақ жұртының ән-жырына, фольклорына, тұрмыс-тіршілігіне өте қатты әсер еткен. Әулиенің шарапатынан мақсат-мұратына жету сюжеті барлық жыр-дастанда молынан кездеседі. «Алпамыс батыр» жырында: Әулиені қыдырып, Етегін шеңгел сыдырып. Еш жерге тоқтап тұрған жоқ, Күндіз-түні кідіріп. Күндіз-түні тынбады, Екі көзі жұмылып. Тоқсан күндей жол жүрді, Етегіне сүрініп. Әулие қоймай қарады, Құдайдан тілеп баланы. Сайрамдағы Сансыз бап, Оған да жетіп барады. Қайда әулие көрінсе, Бір-бір малын шалады. Күллі малы тамам боп, Көк ала бас көк қошқар, Жалғыз-ақ сол қалады. Әулие қоймай түнеді, Құдайдан бала тіледі. «Бір перзент Құдай бергін» деп, Байбөрі мен Аналық Күндіз-түні жүреді. * * * Қыдыр Ілияс атасы, Диуана Бүркіт бабасы Дегенін қоймай шарлады, Сөзімнің жоқ қатасы Әулиенің басына Шырағын жағып түнеді. Шақпақ ата әулие Оған да барып жетеді. Әйелдердің пірі еді, Бибі, патима екі қыз Басына барып түнеді. Мұнан шығып аралап, Қарабура әулие Оған да тура жетеді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
