Салт-дәстүр сүрлеулері
30/09/2026, 20:37

ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР

Өлі риза болмай, тірі байымайды

Бір күні Ғайса моланың жанынан өтіп бара жатып, қабірдегі әруақтарды көреді. Олар жиналып, жақсы сұхбат құрып отыр екен. Ішінде бір әруақ басы салбырап, көңілсіз отырады. Ғайса:

- Сенің неге көңіл-күйің жоқ№ басқалар бүгін шат-шадыман отыр ғой, - дейді.

- Олардың ұрпақтары ата-аналарын есіне алып, дұға жасатты. Садақа таратты. Мені ешкім есіне де алмады, - дейді. Ғайса:

- Артыңда тұяқ қалып па еді? – дейді.

- Бір балам бар. бірақ оның жағдайы жоқ, - дейді. Ғайса ол баланы іздеп табады. Ол бір асханада ыдыс жуады екен. Ғайса оған:

- О дүниеде әкеңнің ахуалы нашар. Әкеңе дұға жасап, артынан садақа бер, - дейді. Ұлы:

- Шамам жетпейді. Күн көрісім қиын, - дейді.

- Бір амал жаса. Тәңірі ниетке береді. Итке жуынды берсең де, садақа ата! – деп Ғайса кеңес береді. Ұлы садақа бермекке ниет етеді. Ол сол күні кешке асханада қалған қиқым-қалдық пен жуындыны жинайды. Ол сол күні кешке асханада қалған қиқым-қалдық пен жуындыны жинайды. Аулада жатқан қотыр итке тамақ береді. Ит тойған соң, аспанға қарап ұлиды.

Біраз уақыт өткен соң Ғайса моладағы әруақтарды тағы көреді. Бәрі шат-шадыман екен. Ғайса бұрынғы әруаққа:

- Бауырым, жағдайың түзелді ме? – дейді.

- Иә, менің де соңымнан қайырлы дұғалар жетті. Ұлым бір итке садақа беріпті. Иттің разылығынан Тәңірі де маған риза болды. Мейірімді Құдай менің де ақымды толтырып берді. Ұлыма дән ризамын! – дейді.

Осыдан соң ұлының да ісі алға басып, жағдайы түзеліпті. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз осыдан қалған екен дейді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: