| 23/09/2026, 22:32 | |
ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР Мазар салу дәстүрі Адам ата дүниеден өткеннен кейін Жебірейіл періште Шиш пайғамбарға келіп, оған өлікті аттандыру салтының барлық жөн-жоралғысын үйретеді. Барлық періштелер жұмылып келіп, Адам атаны арулап жуады. Жаназа намазы оқылып, адам атаның ұрпақтары мен періштелер сапқа тұрады. Одан кейін дүниеден өткен пайғамбарды ақ кебінге орап, қабір қазып жерлейді. Жебірейіл періште барлық рәсім атқарылғаннан кейін Шиш пайғамбарға: - Шиш, сенің әкеңнің алдындағы тағы бір перзенттік парызың қалды. Қырық күн өткеннен кейін Адам атаның басын қарайтып, мазар тұрғызасың. Бұл – әруаққа деген құрмет. Барша ұрпақтарыңа осы дәстүр үлгі болып қалсын. Марқұмның қырық күні өткеннен кейін бейіт салып, оның рухына деген құрметтерін осылай көрсетсін, - дейді. Осыдан соң Шиш пайғамбар қырық күн өткеннен кейін қам кірпіштен мазар тұрғызыпты. Дүниеден өткен кісіні жерлегеннен кейін басын қарайтып, белгі қою салты осыдан қалыпты деседі. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
