| 01/09/2026, 17:58 | |
ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР Көңіл айту салты Бұрынғы кезде көңіл айтушылар адам ата мен барлық пайғамбарлардың басынан өткен қайғы-шерді баяндап, азалы адамға сабыр сыйлаған. Мәселен, Сыр бойында Пішанның төребайы қайтыс болғанда, Базар жырау оның отбасына былай деп көңіл айтқан: Нар көтерер жүк болды, Бұлтқа кіріп тұрғандай, Төбеден ауып күн мен ай. Ысқақ мырза аттанды Он сегізде жасында-ай... Аюптың көзі көр болды, Күйініп ашу дертіне. Жүсіптің көңілі шат болды, Сұлулық шырай көркіне. Ақыры құл боп сатылды, Ол Мысырдың кентіне. Басы жұмыр пендесін Жібермес тағдыр еркіне. Лұқпан да айла тапқан жоқ – Ажалды құлдың дертіне. Хан мақтанар жұрты бар, Пір мақтанар мүрті бар. Дүние қашқан алтайы Көрсе көздің құрты бар. Ғалымдардың қолында – Арабы, парсы, түркі бар. Ер есейсе ел сүйер – Ел тілеуін ер тілер. Атамыз қазақ ғұрпы бар. Туысыңның кемі жоқ, Берік қақпалы шаһардай Дарбазалы құлпы бар. Бір адамның сұлыбынан Өзіндей-ақ ұл туар. Елді аузына қаратқан, Алдынан топты таратқан, Қарадос пенен Сансызбай, Атаңыз да өткен Күнтуар. Хақ нұрынан жаралған, Сақтап өзін арамнан. Ағайын, туған, халқына, Жол көрсеткен адалдан. Ақтың досы Мұстапа Олар да көшкен дүниеден. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
