Салт-дәстүр сүрлеулері
22/08/2026, 23:25

ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР

Көңіл айту салты

Қабыл Әбілді таспен ұрып мерт қылады. Ұлынан айырылған Адам ата басын көтермей, жер бауырлап жатып қалады. Хауа ана екеуі қайғыдан қан жұтады.

Жаббар Хақ періштелерге:

- Адам мен Хауаны жұбатыңдар. Көңілдерін демеп, жандарына медет болыңдар. Сабырға шақырып, менің мейірім-шапағатымның мол екенін жеткізіңдер, - дейді.

Жебірейіл бастаған барлық періштелер Адам ата мен Хауа анаға келіп, көңіл айтады. Алланың шексіз мейірім нұрын жүректеріне құяды. «Алла ақырын берсін. Жақсылық пен иғіліктен күдер үзбеңдер», - деп уатады.

Бұл жайында қара өлең нұсқаларында:

Адам – ата, Хауа – ана – түп анамыз.

Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.

Содан бізге қалыпты мирас болып,

Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз, - деген шумақтар қалыпты.

Көп кешікпей, Тәңірі Тағала екеуіне Шиш атты ұлды нәсіп етеді. Әбілге қатты ұқсайтын сәбиді көріп, екеуі көңіліндегі қайғы-шер мен мұңды жоған екен.

Екінші бір аңызда мұхамбет пайғамбар дүниеден өткенде Фатима анамыз әкесін қимай жылаған екен. Бір апта бас көтермей жатады. Сол кезде көктен Жебірейіл бастаған періштелер келіп, пайғамбардың қызын жұбатыпты. Бұл хикая жайында қазақ арасында:

Біссімілдә сөзді басы ма?

Қайғысыз пенде жасыр ма?

Бабасы өтіп дүниеден,

Жылаған екен Патима.

Періштелер басу айтып,

Жылаудан сонда уанған,

Қабырғасы қайысып,

Періштелерге жұбанған, - деген жыр жолдары сақталған.

Содан бастап қазалы үйге көңіл айту салты дәстүр ретінде қалыптасыпты. «Тас түскен жеріне ауыр», «Құдайға да жақсы адам керек» деген сөздер осы жұбатудан шыққан екен дейді. Көңіл айту қазақта Қазан революциясына дейін мағыналық жағынан өте терең мазмұнға ие болған. Кеңес өкіметі кезінде бұл дәстүр сакральді сипатынан айырылып, профанды қалыпқа түскен. Қазіргі қазақтар қаза шыққан үйде марқұмның туыстарына мағыналы формада көңіл айта алмай, кәдімгідей қиналып қалады. Бұл дәстүр сабақтастығының үзілгендігінің айқын бір көрінісі. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: