| 08/06/2026, 21:47 | |
ӨМІРДЕН КЕЙІНГІ ӨМІР Қайтқан кісіден тәбәрік алу дәстүрі Адам ата қайтыс болған кезде оның 71 ұлы, 71 қызы болған екен деседі. Ұрпағы 71 түрлі ұлтқа айналыпты. Адам ата мың жыл жасап дүниеден өтеді. Ақтық сапарға аттанғанда балалары әкелерінің киімін, ұстанған заттарын бір-біреуден ниеттеніп алады. Таяғы мен қойларын иеленгендер қойшылықты кәсіп етіпті. Енді бірі соқасы мен өзгізін иеленіп, егіншілікті дамытыпты. Қышы мен құмырасын алғандар қолөнерші болады. Бізі мен инесін ұстағандар етікшілікті жалғастырады. Бүркітін ұшырып, тазысын жүгірткендер аңшылықпен елді асырапты. Арасы мен балтасын ұстағандар ұстаға айналады. Қалам мен қағазға қызыққандар ғылым жасапты. Бөзі мен матасын алғандар сауда ісін дөңгелетіпті. Осылайша, сиырды алған сиыршыға, түйе жетектеген түйешіге, жылқы мінген жылқышыға айналыпты. Мирас бөлісетін игі іске Ібілс те тұмсығын тыққан екен. Ол кейбір балаларын арбап-алдап, шағыстырып, бірін-біріне айап салады. Оның тілін алып, дау шығарғандар даукеске, сөз қуғандар өсекшіге, көре алмағандар күншілге, жымқырғандар ұры-қарыға айналыпты. Қазақта «Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды даулайды» деген мақал осығ,ан орай айтылған деседі. Ғұмыр есімді ұлы әкесінің шапанын қанағат тұтыпты. Сол үшін Адам атаның шарапаты жұғып, Ғұмыр ұзақ жасапты. Қазақта «ғұмырлы бол» деген тілеу «Ғұмырдай бол, ұзақ жаса» деген тілектен шыққан деседі. Ғұмыр қайтыс болғанда Адам атаның киіміне оның балалары ие болады. Шапан бәріне бірдей жетпейтін болғандықтан бір шапанды тәбәрік деп жыртып алатын болыпты. Содан бастап бақиға аттанған адамның киімдерінен жыртыс алу, тәбәрік алу дәстүрі тұрмысқа енген екен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
