| 05/05/2026, 09:05 | |
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ САКРАЛЬДІ ҰҒЫМДАР Түркінің пірі – Яссауи Дәріс айтқан ұстазы Үргеніште Бақыржан. Ұстанған үлгі жолы бар Құл Қожа ахмет тақсырдан. Алласы қалап әуелде Уәлилерге бас қылған. Миғражда нұрын көргесін, Хақ Расулі паш қылған. Арыстан баптай досына Аманат-құрма тапсырған. Солардың үлгі жолымен Бекетім шықты дін түзеп, Көкірек көзін аштырған. * * * Пәруар пірдің басшысы Қожа ахмет Яссауи Түркістанда бұ да өткен Туына жұртын түнеткен, Кереметін асырып, Жеті өлікті тірілтіп, Мұсылманға қайыр-дұға еткен. * * * Қожа Ахмет яссауи Силсаласы силсалам. Атын білген бар ғалам. Хилафлық қылып ол затқа, Сөз айтпайды бір кәләм. Іздеп тауып Арслан бап, «Бері кел», - деді, - «Ей, балам», Шақырып алып баланың, Нышанасын көріпті, Аманатын Расулдың Аузынан алып беріпті. Атасының артынан Жан баба деп еріпті. Қожа Ахметтің сол уақытта, Жетіге жасы жетіпті. Арманым жоқ деп бабасы Дүниеден сапар етіпті. Көмектесіп періште Лахадқа мадфун етіпті. Пайғамбарлар, уәлилер, Біреуі қалмай тіпті. Айла таппай ажалға, Өнерлілер кетіпті. * * * Бақса Қағба көрінген, Басса жерлер түрілген Құл Қожахмет Яссауи Ладун ғылымы берілген Шапағат бер Сәлалла!! Қайғылы көзден шығар жас, Не көрмейді ғазиз бас. Жәрдем бергей жар болып, Бабатүкті шашты Әзіз Қырда – Қызыр, ойда – Ілияс!!! Шапағат бер Сәлалла!! * * * Тірегі мұсылманның ажам, араб, Мұхамбет пайғамбардан шыққан тарап. Қожа Ахмет Яссауи Түркістанда Кіші Мекке атанған алтын дарақ. Алланың арыстаны Ер Әлидің, Мұхамбет Ханафиясынан өскен тарап. * * * Қожа Ахмет, Арыстан бап, Түркістанда тұрағы. Әлемге кеткен атағы, Дін исламның шырағы. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
