| 28/04/2026, 08:58 | |
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ САКРАЛЬДІ ҰҒЫМДАР Түркінің пірі – Яссауи Қазақ халқында бағзы заманнан Қожа Ахмет Яссауиге деген айрықша құрмет қалыптасқан. Ол жайында аңыз-әпсаналар, толғаулар мен дастандар кеңінен таралған. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің бастауы Қожа Ахмет Яссауидің даналық ілімінде жатыр. Екі өркениет қақтығысының бейбіт жолмен жүзеге асуы тарихта өте сирек кездесетін құбылыс. Яссауи заманында Ислам өркениеті жаңадан келіп жатқан кезең еді. Яссауи өзіне дейін өмір сүрген бүкіл түркі жұртының қасиетті ұғымдары мен мистикалық тұлғаларын көркем түрде ислам мәдениетімен үндестіріп әкеткен ғажайып рухани тұлға. Одан бөлек «Диуани хикмет» арқылы көне түркі тілін Құран рухымен суарды. Соның себебінен ислам өркениетіне жалғанған түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің өзегі мәңгілік мазмұндарға ие болып шыға келді. Сондықтан да оны заманында «Әулиелердің сұлтаны», «Түркілердің пірі» деп атады. Күллі түркі әлеміне «Мәдинада – Мұхамбет, түркістанда – Қожа Ахмет» деген тіркес кең тараған. XVIII ғ. қазақтар осы тіркесті «Мәдинада – Мұхамбет, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деп байыта түсті. Осы тіркеске қарап-ақ, діннің мәдени платформада дұрыс даму динамикасын байқау өте оңай. Қазақтың барлық жыр-дастандарында, баталарында, фольклорлық дүниелерінде және кейінгі ақын-жыраулардың еңбектерінде Яссауи баба жайлы жыр-толғаулар өте көп. Мұның өзі Яссауидің қазақ арасында аса құрметке ие тұлға екенін көрсетеді. * * * ...Бақытына қарай халықтың Ұлығы мұндай пір шыққан Атамыз Адай ұраннан. Әзірет-ишан Әбдінің Мірсалық деген пірі екен. Қожа Ахмет Яссауи Пірден пірге төре екен. Силсаласы жалғасқан Отыз үш ата жер екен. Шежіресін көз көрді – Кімдер жалған дер екен?! Қардерлерді демеген, Зарыққанды жебеген, «Құр емес, - дейді, - зайырдан». баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
