Салт-дәстүр сүрлеулері
07/04/2026, 21:51

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ САКРАЛЬДІ ҰҒЫМДАР

Желдің пірі – Мірқайдар  

Бағзы заманда желді жын-перілер басқарыпты. Олар желді қалай болса солай бағыттап, адамға қиянат жасайды екен. Біреуге жұт жіберіп, малын қуып әкетеді. Біреудің егінін жайпап, арығын құммен көміп кетеді. Жұрт не істерін білмей, Құдайдан пана сұрайды.

Сол кезде Хақ тағала Сүлейменге пайғамбарлық жіберіп, он сегіз мың ғаламның билігін береді. Сүлеймен жындармен соғысып, бәрін зынданға тастайды. Желдің билігін олардан тартып алады. Сол заманда Сүлейменнің Мірқайдар деген сенімді серігі болған екен. Бір аңыздарда уәзірі болған деседі. Сүлеймен желге мініп ұшқанда, Мірқайдарды жанынан тастамапты. Оң жағынан орын беріп, үнемі сұхбаттасып жүргенді ұнатады екен.

Сүлеймен патша дүниеден өтерінде Мірқайдарды шақырып алып:

- Бұдан былай желді сен басқарасың. Адамның игілігі үшін қызмет ет! – деп өсиет айтады. Содан бастап, Мірқайдар желдің иесіне, піріне айналыпты.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: