| 31/03/2026, 09:14 | |
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ САКРАЛЬДІ ҰҒЫМДАР Ешкінің пірі – Сексек ата Ертеде бір сараң әрі қу бай болған екен. Ол қойларын бір жетімге бақтырады. Оған күніне бір жапырақ нан мен қара судан басқа ештеме бермепті. Жетім есейіп, оңаша отау құрып, өз жолын тапқысы келеді. байдан жиырма жылдық ақысын сұрайды. Бай бермейді. Екеуі дауласып, қазыға барады. Қазы байдан пара алған екен. Байдың сөзін сөйлеп: - Әділдік Құдайдың бір есімі. Төрелікті Құдайдан сұрайық. Бүгін түнде байдың қырық саулығы төлдейді екен. Егер қозы туса бай алсын, басқа мал туса сен ал, - дейді жетімге. Жетім амалсыз көнеді. Түнімен Құдайға құлшылық етіп шығады. Таңертең жұрт жиналып байдың қорасына барады. Айтқандай, байдың қырық саулығы төлдепті. Бірақ, қой қозы тумапты. Жүндері жалбыраған, қозыға ұқсамайтын бөтен төл туады. Бай төлдерді көргенде шошып кетеді. Жетімге: - Жинап ал малыңды. Құдай тілеуіңді берді, - дейді. Жетім қорадан қырық лақты айдап шығады. Жұрт ғажайып оқиғаға таң қалады. Олар мұндай мақұлықты бірінші рет көріпті. Атын да білмепті. Лақтар тастан тасқа секіріп, секек-секек етіп жүреді екен. Жұрт лақты да, жетімді де сексек деп атапты. Кейін жетім бала Сексек ата атанады. Ешкінің пірі болады. Ешкі ең соңынан жаралғандықтан, төрт түліктің ішінде ең кенжесі аталыпты. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
