Салт-дәстүр сүрлеулері
05/03/2026, 21:32

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ САКРАЛЬДІ ҰҒЫМДАР

Сиырдың пірі – Зеңгі баба  

Зеңгі баба Яссауи бабамыздың немере інісі болған екен. Туғанда қап-қара болыпты. Азан шақырып қойған аты – Айқожа. Түріне қарап, жұрт оны Зеңгі ата деп атапты.

Зеңгіні кішкентай кезінде Яссауи бабамыз қолына алып, көтереді. Бір кезде бетіне көзі түсіп кетіп күлген екен. Кішкентай Зеңгі:

- Неге күлдіңіз? – дейді.

- Түрің қап-қара, тістерің аппақ екен, - дейді Яссауи бабамыз.

- Ақ тісімнің көрідігіне не бересіз? – деп сұрайды Зеңгі.

- Жүз сиыр атадым, - деп, батасын береді.

Зеңгі ержеткен соң, сиыр бағады. Бір аңыздарда Яссауи бабамыздың медресесіне садақа етілген ірі қараларды бағып, өсіріпті делінеді.

Зеңгі сиыр баққанда Алланың есімдерін зікір етеді екен. Сиырлар оның зікірін тыңдап, жайылады деген де аңыздар бар. қазақ арасында айтылатын әйгілі әулиелер – Бабатүкті Шашты әзіз, Садыр Ата, Бадыр Ата, Ұзын Хасан Атаның ұстазы болыпты.

Яссауи бабамыздың шәкірті Сүлеймен Бақырғани Үргеніш жеріне медресе ашып, ілім жаяды. Сол жердегі қарахандардың патшасы – Боғра ханның қызы Әнуар анамызды жар етіп алыпты. Алайда, Бақырғани қара өңді кісі болса керек. Бірде Әнуар анамыз «Құдайым маған ажарлы адамды жолықтырмады. Күйеуім бидай өңді болғанда ғой» деп ойлайды. Әйелінің ойын сезіп қойған Сүлеймен:

- Мен ұзамай дүниеден өтермін. Сені Зеңгі деген шәкіртім әмеңгерлікке алады. Ол менен де өткен қара адам, - депті. Әнуар өзінің асылық жасағанына өкініпті.

Бақырғани қайтыс болған соң, Әнуарды Зеңгі баба әмеңгерлікке алады. Расымен түрі қап-қара кісі екен. Әнуар анамыз Құдайға шүкірлік етіп, оған риясыз қызмет етіпті.

Ел аузында Зеңгінің пір болуы Яссауи бабамыздың берген батасының шарапатынан деген аңыз бар. яссауидің жүз сиыр атағаны, «сиырдың пірі бол» деген жұмбақ сыры деп айтылады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: