| 10/02/2026, 09:22 | |
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ САКРАЛЬДІ ҰҒЫМДАР Қасапшының пірі – Сәдуақас Мұхамбет пайғамбардың Сәдуақас деген сахабасы болыпты. Өзі батыр, әрі қасапшы екен. Бір соғыста Сәдуақас жаудың батырымен жекпе-жекке шығады. Ол кездегі шайқаста батырлар бір-бірінен кезек сұрап ұрысады екен. Жау батыры: - Ей, Сәдуақас, кезекті маған бер. Бірінші мен бастайын, - дейді. Сәдуақас: - Дінсіздің мұсылманда екі ақысы бар деген. Бердім, - дейді. Жау шоқпармен Сәдуақасты құлаштай ұрады. Қатты соққыдан Сәдуақас бар денесімен жерге өңгеріліп құлап түседі. Мұны көрген жау ағы қыран-топан күлкіге батады. Сәдуақас орнынан теңселе тұрып, атына мінеді де: - Ендігі кезек менікі, - дейді. Жаудың батыры күлкісін тыймаған күйі: - Бердім, - дейді. Ол заманда Мұхамбеттің әскерінде қару-жарақ, сауыт-сайман тапшы екен. Сәдуақас ұрысқа мал соятын пышағымен шыққан деседі. Ол ат үстінде ағызып келе жатып кездігін сермеп кеп қалады. Ат үстінде миығынан күліп отырған кәпірдің денесі екіге бөлініп түседі. Бұл сұмдықты көрген жаудың рухы сынып, сол шайқаста жеңіліс табады. Сәдуақастың ерлігіне сүйсінген пайғамбар: - Бәрекелді, жарайсың қасабым-ай» Іремей, сойып түсірдің-ау! – деп арқасынан қағады. Осы оқиғадан кейін Сәдуақас қасапшылардың піріне айналыпты. Қасапшылар мал бауыздар алдында «Сәдуақас ата, өзің қолдай гөр!» деп сыйынады екен. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
