Салт-дәстүр сүрлеулері
09/12/2025, 09:40

СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

- Басыңда не бар?

- Тәж-дәулет.

- Құлағыңда не бар?

- Азан-қаумет.

- Көзіңде не бар?

- Нұр-Мұхамбет.

- Қасыңда не бар?

- Кәләмі Құдірет.

- Маңдайыңда не бар?

- Сәжде-ғибадат.

- Мұрныңда не бар?

- Ырзық-жәннат.

- Аузыңда не бар?

- Кәләм-шаһадат.

- Тілегіңде не бар?

- Дидар-талап.

- Жүрегіңде не бар?

- Зікір-салауат.

- Рухыңда не бар?

- Ақыл-парасат.

- Нәпсіңде не бар?

- Сабыр-қанағат.

- Ойыңда не бар?

- Алла тәбәрәк.

- Бойыңда не бар?

- Мейір-махаббат.

- Кеудеңде не бар?

- Жан-аманат.

- Мойныңда не бар?

- Парыз-сүндет, уәжіп.

- Пешенеңде не бар?

- Тағдыр-қиямет.

- Жүзіңде не бар?

- Иба-әдеп.

- Қалыбыңда не бар?

- Иман-әдет.

- Иығыңда не бар?

- Қос періште – ой-берекет.

- Беліңде не бар?

- Кемер-қуат.

- Тізеңде не бар?

- Ізет-құрмет.

- Қолыңда не бар?

- Қайыр-сахауат.

- Аяғыңда не бар?

- Жол-шариғат.

- Алдыңда не бар?

- ақ құбылам – пір-тарихат.

- Мақсатыңда не бар?

- Дүр-хақиқат!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: