Салт-дәстүр сүрлеулері
| 25/11/2025, 09:05 | |
СҰРАҚ-ЖАУАПТАР Әзіреті Әли хақында Төртінші дос – жар болған Алла шері Әли-дүр, Миғражда бар болған Алла шері Әли-дүр.
Хақ әмірін жүргізді, кәпірлерді кіргізді, Ай дидарлы, нұр жүзді Алла шері Әли-дүр.
Көрген адам пір тұтар, тек зікірді тіл тұтар, Қолында бар – зұлпықар Алла шері Әли-дүр.
Мінсе дүлдүл – нұрлана, жерге түсер зілзала, Кәпірлерге мұң-нала Алла шері Әли-дүр.
Дұшпан ықты не күшті, кәпірге ашты соғысты, Оңға бұрған терісті Алла шері әли-дүр. Нығмет сенде, Бір мен Бар, Төгем саған тілден зар, Құл Қожа ахмет білген жар – Алла шері Әли-дүр. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
