| 20/10/2025, 22:27 | |
СҰРАҚ-ЖАУАПТАР Қытай қазақтары арасында таралған нұсқада сұрақ-жауап үлгісі былай өріледі: «Жаратышың кім?» - десе, «Жоқтан барға келтірген, Рәббіміз Алла», - дегейсің. «Дінің сенің кім?» - десе, «Пәни мен бақи танытқан, Ісләм діні», - дегейсің. «Кітабың сенің не?» - десе, «Алла сөзін дарытқан, Құран Кәрім», - дегейсің. «Мұсылмансың ба, сен?» - десе, «Әлхамділда»» - дегейсің. «Құзырлысың ба, сен?» - десе, «Іншә-Алла!» - дегейсің. «Қауметі кімнің, сен?» - десе, «Дін-мұсылман», - дегейсің. «Әулеті кімнің, сен?» - десе, «Әз Әруақтың», - дегейсің. «Сарбазы кімнің, сен?» - десе, «Сақылардың», - дегейсің. «Сардары кімнің, сен?» - десе, «Сопылардың», - дегейсің. «Жұраты кімнің, сен?» - десе, «Жомарттардың», - дегейсің. «Сәруары кімнің, сен?» - десе, «Сахабалардың», - дегейсің. «Қашаннан мүмін, сен?» - десе, «Әлімсақтан», - дегейсің. «Тегің сенің кім?» - десе, «Адам ата, пайғамбар, Сопы Алла», - дегейсің. Қалдырған сені кім?» - десе, «әзіреті Нұх пайғамбар, Нәби Алла», - дегейсің. «Зүриятынан кімнің, сен?» - десе, «Әзіреті Ысмағұл, «Құрбан Алла», - дегейсің. «Міллатынан кімнің сен?» - десе, «Ыбырайым пайғамбар, Халил Алла», - дегейсің. «Үмбеті кімнің, сен?» - десе, «Мұхамбет расул пайғамбар, Сали Алла, - дегейсің. «Кімнің досы, сен?» - десе, «Төрт шадияр», - дегейсің. «Баһадүрің кім?» - десе, «Әзіреті Әли Арыстан, Кәрім Алла», - дегейсің. «Аузыңда не бар?» - десе, «Кәлиматүн, тайбатүн, - Шаһадат бар», - дегейсің. «Мұрныңда не бар?» - десе, «Суменен пәк болатын, Пәлекет бар», - дегейсің. «Көзіңде не бар?» - десе, «Нұр Мұхамбет», - дегейсің. «Басыңда не бар?» - десе, «Тәж-дәулет бар», - дегейсің. «Құлағыңда не бар?» - десе, «Азан-қаумет», - дегейсің. «Иығыңда не бар?» - десе, «Қарабан-Кәтибан», - дегейсің. «Қолыңда не бар?» - десе, «Қайыр-сақуат», - дегейсің. «Беліңде не бар?» - десе, «Кәмару-Мұхамбет», - дегейсің. «Тізеңде не бар?» - десе, «Ізет-құрмет», - дегейсің. «Аяғыңда не бар?» - десе, «Дәретті кебіс», - дегейсің. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
