Салт-дәстүр сүрлеулері
07/10/2025, 20:37

СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

Пірді біл, санаңа іл!

  • Жылқының пірі кім?
  • Қамбар ата.
  • Түйенің пірі кім?
  • Ойсыл қара.
  • Сиырдың пірі кім?
  • Зеңгі баба.
  • Қойдың пірі кім?
  • Шопан ата.
  • Ешкінің пірі кім?
  • Секшек ата.
  • Батырдың пірі кім?
  • Ғайып ерен, қырық шілтен.
  • Теміршінің пірі кім?
  • Ер Дәуіт.
  • Ағаш ұстасының пірі кім?
  • Нұх пайғамбар.
  • Білімпаздың пірі кім?
  • Ыдырыс пайғамбар.
  • Кемешінің пірі кім?
  • Ілияс пайғамбар.
  • Жолаушының пірі кім?
  • Қызыр баба.
  • Ғашықтардың пірі кім?
  • Ләйлі-Мәжнүн.
  • Ырыстыңң пірі кім?
  • Қызыр баба.
  • Етікшінің пірі кім?
  • Сәді ата.
  • Орақшының пірі кім?
  • Дихан ата.
  • Желдің пірі кім?
  • Мірқайдар ата.
  • Жаңбырдың пірі кім?
  • Борық ата.
  • Жарлының пірі кім?
  • Қалтаң ата.
  • Ұрының пірі кім?
  • Жалтаң ата.
  • Кәрінің пірі кім?
  • Кекшіл ата.
  • Ісмердің пірі кім?
  • Тепшім ата.
  • Ошақтың пірі кім?
  • Ұмай ана.
  • Қасапшының пірі кім?
  • Сәдуақас ата.
  • Кеселдің пірі кім
  • Ыңқыл ата.
  • Күншілдің пірі кім?
  • Күңкіл ата.
  • Тәкаппардың пірі кім?
  • Ібіліс малғұн.
  • Наубайшының пірі кім?
  • Ескендір Зұлқарнайын.
  • Балықшылардың пірі кім?
  • Жүніс пайғамбар.
  • Шаштараздың пірі кім?
  • Арыстан бап.
  • Бау-бақшаның пірі кім?
  • Бағбан ата.
  • Орман-тоғайдың пірі кім?
  • Мизам ата.
  • Түйешінің пірі кім?
  • Салық пайғамбар.
  • Дәруіштердің пірі кім?
  • Ғайса пайғамбар.
  • Сараңның пірі кім?
  • Қарынбай.
  • Жомарттың пірі кім?
  • Атымтай.
  • Тоқымашының пірі кім?
  • Шиш пайғамбар.
  • Тәуіптің пірі кім?
  • Ұлықпан хакім.
  • Саятшының пірі кім?
  • Адам ата.
  • Шешеннің пірі кім?
  • Майқы би.
  • Әділдіктің пірі кім?
  • Мұхамбет пайғамбар.
  • Патшаның пірі кім?
  • Тақ Сүлеймен.
  • Түркінің пірі кім
  • Әзірет сұлтан.
  • Ер-азаматтың пірі кім?
  • Әзіреті Әли.
  • Тарыққанның пірі кім?
  • Сұлтан Үпі (Хубби сұлтан).
  • Қыз-келіншектің пірі кім?
  • Бибі Бәтима.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: