"Нұр Отан" ХДП: Жоғарғы партия мектебінде
17/12/2010, 16:40 | |
Әлемдік экономиканың баяу және бірқалыпты қалпына келмеуі сыртқы макроэкономикалық тәуекелдердің сақталуына әсер етуі - осы арада Қазақстан алдында бір жағынан макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, екінші жағынан экономиканың дағдарыстан кейінгі дамуына оңтайлы жағдай жасау міндеті тұрды. Өз кезегінде қойылған міндетерді ойдағыдай шешу үшін негізгі екпін басқарудың нарықтық принциптерін қалпына келтіруді және дамытуды, сондай-ақ экономиканың теңгерімді және сапалы дамуын қамтамасыз ететін жаңа жүйелі және құрылымдық реформалар қабылдауды талап етті. 2010 жылдың басынан бастап Қазақстанда бірнеше өзекті құжаттар қабылданды және елдің ұзақ мерзімді кезеңге дамуының басым бағыттары белгіленді. Экономиканы әртараптандыруды жылдамдату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылға
19 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекттік бағдарлама) қабылданды. Бағдарламаның әзірлену себебі Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленген. Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы – өнімділік бойынша, соңғы жылдардың оң серпініне қарамастан Қазақстан дамуы жағынан орта деңгейлі елдерден де артта қалды: 2008 жылдың деректері бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша Қазақстандағы еңбек өнімділігі бір адамға 22,6 мың долларды құрайды, ал бұл көрсеткіш Ресейде – 33,4, Жапонияда – 68,2, АҚШ-та – 98,1. Шикізат экспортынан тез пайда алуға бағдарланған ірі қазақстандық бизнес өсуінің қарқынды сипаты әлемдік конъюнктураның өзгеруі кезінде барынша жоғары қайта бөлулерге және ішкі нарыққа ауысуға мүмкіндік бермеді. Мемлекет бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажетті қолдау таппады, өйткені жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсенді ойыншысы болып көрінетіндей және Қазақстан үшін жаңа инновациялық бизнесті құру, әлемдік нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшін стратегиялық әріптес ретінде әлемнің жетекші компанияларын тарта алмады. Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қазақстанның нарықтық экономикасы эволюциялық түрде құрылды. Өткен циклдік даму экспорттық шикізат секторы өсуінің серпінімен және сыртқы қаржылық нарықтарда арзан инвестициялық ресурстардың қолжетімділігімен көрінді. Әлемдік тәжірибе индустрияландыруға қатысты әртүрлі әдістердің бар екенін көрсетіп отыр: «қуып жетуші даму», «дәстүрлі мамандандыру», «индустрияландырудан кейінгі даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетін болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикізаттық өндірістерді жоғары бөліністерге ауыстырумен шикізат секторына сүйене отырып «дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы болып табылады. Бүгінгі таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестік күшейгенде, ішкі және әлеуетті сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетімді нарығы бар Кеден одағының әлеуетін барынша іске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бірегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерінде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндістан) тиімді жаһандық серіктестік ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкіндігін жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының белсенді болуының қолжетімді нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің, тоқыма өнеркәсібінің және туризмнің шикізаттық емес экспорттың белсенді қолдауын қамтамасыз ету. Қосымша «болашақ экономикасы» секторларына селективті қолдау жасау қажет, олар келесі 15-20 жылда әлемдік экономикадағы басым рөлге ие болатындар. Индустрияландыру саясатының табысты іске асырылуының негізгі шартына өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жатады. Алда тұрған индустрияландыру өңірлерді бірқалыпты даму саясатынан өсудің жоғарғы әлеуеті мен жоғарғы экономикалық белсенділікке ие қалалар мен аумақтарды дамытудағы дәлме-дәл әдіске ауысуды талап етеді. Индустрияландыру саясатының тиімділігі бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін экономиканың басым секторларын дамытуға шоғырландыру, сондай-ақ олардың тиімді институттары мен өзара әрекет ету тетіктерін қалыптастыруға байланысты болмақ. Үкіметтің инфляцияға қарсы саясатымен бірге кешенді түрде ұстап тұрылатын инфляцияның төмен деңгейі (жылдық инфляцияның деңгейі 2010 -2014 жылдары 5,0-8,0 % шегінде (бұған дейінгі жылдың желтоқсанына); Салық-бюджет саясаты индустрияландыру процестерін фискалдық ынталандыру, индустриялық инфрақұрылымды, ғылым мен инновацияларды, адами капиталды дамытуды қаржыландыру арқылы экономиканы жаңғырту және әртараптандыру үшін жағдай жасауға бағытталып, бұл жұмыстар атқарылып және жалғасын табуда. Мемлекеттік бюджет параметрлерімен өзара байланыста мемлекеттік институттар арналары бойынша экономикаға капитал тарту мен бөлудің оңтайлы үлгісін қалыптастыру. Әлемдік қаржы дағдарысы отандық экономиканы шетелдік кредиттік қаражатпен қорландыруды уақытша тоқтатты, осыған байланысты отандық қаржы ұйымдары үшін сыртқы қорландыруға қол жеткізу жабылды не шектеулі болып қалды. Екінші деңгейдегі банктердің Бағдарламаға енгізілген ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «ұзын ақшасы» жоқ. Осыған байланысты Бағдарламаны даму институттарының қатысуымен қаржыландырудың көлемі мен құралдарын ұлғайту қажеттігі туындады. Сондықтан да, өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы (бұдан әрі – Схема) мен Индустрияландыру картасы Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі құралдары болып табылатынды ескеріліп жасалынған. Схема мемлекетке бизнеспен бірлесіп, дұрыс инвестициялық шешімдер әзірлеуге көмектеседі, екіншіден жеке сектордың жобаларын іске асыруын елдің инфрақұрылымы мен ресурстық әлеуетін дамытумен байланыстыра отырып, іске асыруды қамтамасыз етеді. Оған: - отын-энергетикалық ресурстардың болжамды балансы (электр энергиясы, мұнай, газ, көмір); - минералды-шикізаттық базасының болжамдық балансы (кен, жергілікті құрылыс материалдары), су және жер ресурстары; - еңбек ресурстарының болжамдық балансы; - құбыр, теміржол, автожол, теңіз және әуе көлік инфрақұрылымының нақтыланған даму жоспары; - Арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды дамытудың ұзақ мерзімді жоспары. Бағдарламаның жұмыс құралы болып Индустрияландыру картасы табылады. Индустрияландыру картасы ағымдағы жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген республикалыққа және өңірлер әкімдерінің шешімдерімен бекітілген өңірлікке бөлінеді. Индустрияландыру картасына сомасы 8 трлн. астам теңгеге 294 жобалар енгізілген, 161 мың тұрақты жұмыс орны құрылады, оның ішінде республикалық картаға 131 жоба, өңірлік картаға – 163 жоба енгізілген. Қазақстан Республикасының үдемелі-индустриалдық дамыту жөніндегі мемлекет бағдарламаны іске асырудың негізігі бағыттарына республикалық бюджеттен қаражат көздері қаралған, атап айтқанда: 1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамассыз ететін оның басым секторларын дамытуға белгіленген қаражат. 2. Басым секторлардың дамуын колдаудың тұтқалы шараларына белгіленген қаражат. дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі оған қаралатын қаражат көлемі; жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика қаражат көлемі; шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм қаражат көлемі; келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызмет қаражат көлемі. Жалпы, 2010 жылда сомасы 800 млрд. теңгеден астам 152 жоба берілетін болады, 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылатыны белгіленген. Осы күнге 400 млрд. теңгедей көлемге 77 жоба атқарылып құрлыс уақтысында 10697 адам уақытша жұмыс жасап 12355 тұрақты жұмысқа орналасқан. Жыл соңына сомасы 400 млрд.теңгеге 75 жоба берілетін болады, 11,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Мұнымен қоса, Қазақстанды индустрияландырудың жиынтық картасының инвестициялық жобаларын іске асыруды мониторингілеу мақсатында өңірлерге тұрақты негізде сапарлар іске асырылып жатыр. Экономиканың басым салаларын дамыту үшін мақсаттары тікелей инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай қалыптастыру, жаңа өндірістерді құру және еңбек өнімділігін арттыру, отандық өндірушілердің тауарларын шетелдік нарыққа жылжыту, сонымен қатар өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту болып табылатын бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары әзірленген. Осы жылы бизнесті қолдаудың 4 кешенді бағдарламасы іске қосылады: «Инвестор - 2020» - шетелдік инвесторларды тарту үшін әзірленген және ынталандырудың мынадай шараларын көздейді: - жабдықтар, шикізат және материалдардың жинақтаушы қосалқы бөліктерінің импортына кедендік баждарды төлеуден босату; - мемлекеттік заттай гранттар (жер); - Аарнайы экономикалық аймық шеңберінде салық жеңілдіктері; - «Бизнес-2020» жол картасы шеңберінде қолдау шаралары. Шикізаттық емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды ынталандыру мақсатында мемлекет тұтас жүйені құруды көздеп отыр. Ол кешенді ынталандыру шараларынан және шетел инвесторлармен жұмыс жасаудың институционалды тетіктерінен тұрады. Шетелдік инвесторлармен жұмыс «бір терезе» қағидасы бойынша іске асырылатын болады. Бұл үшін «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік құрылған. «Өнімділік - 2020» бағдарламасы - кәсіпорындарға шығындарын төмендету арқылы олардың тиімділігін көтеруде көмек көрсетуге, оның ішінде технологиялық жаңғырту, экономиканың өнімділігін көтеру, өндірістік және бизнес үдерістерді оңтайландыру үшін бағытталған. Бағдарламаны іске асыру құралдары: - негізгі қорларды сатып алу үшін лизинг пен кредит бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау; - инновациялық гранттар; - конструкторлық бюролардың өндіріске жаңа өнімдерді енгізуі; - өндірістік үдерістерді оңтайландыруды қамтамасыз ететін басқару технологияларын енгізу «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы кәсіпкерлікті, бірінші кезекте орта және шағын бизнесті дамытуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бұл бағдарламаны қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша мемлекет бюджетінен іске асырылады: - кәсіпкерлік секторды сауықтыру; - кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; - кредиттерге кепілдік беру; - индустриялық инфрақұрылымды дамыту; - бизнес жүргізуді сервистік қолдау; - кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлау. Кәсіпкер осы бағдарламада, сондай-ақ Бағдарламада көзделген басқа да бюджеттік бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдаудың аралас пакетіне үміттене алады. «Экспорт 2020» бағдарламасы отандық компанияларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған, оны іске асырудың негізгі бағыттары: экспорттаушыларға гранттар; саудалық қаржыландыру және экспортты сақтандыру; экспортты сервистік қолдау. Бұл Бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау, ең алдымен, Индустрияландыру картасына енген жобаларға көрсетіледі. Мемлекеттік бағдарламаны толық ауқымда іске қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен негізгі бағдарламалық іс-шаралар анықталған тиісті Жоспар бекітілген. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 23 салалық бағдарлама және 16 өңірлерді дамыту бағдарламалары әзірленіп жатыр, онда республика экономикасын дамытудың салалық және секторалдық шаралар нақтыланған. БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020 ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға бағытталған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру жолымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Бағдарлама шеңберінде міндеттерді шешу үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, экспортқа бағдарланған өндірісті қолдау. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын беру жөніндегі шешімді өңірлерде Өңірлік үйлестіру кеңестері (ӨҮК), республикалық деңгейде құрамына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің, бизнестің қоғамдық ұйымдарының өкілдері енгізілген экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жанындағы Жұмыс тобы қабылдайды. Бағдарламаны іске асыруда 2010 жыл пилоттық болып табылатындығын ескере отырып, Бірыңғай үйлестіру кеңесінің (БҮК) отырыстарында, өңірлердегі көшпелі кеңестерде оның орындалу барысы тұрақты талқыланды және бизнес-қоғамдастықтардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде оның іске асырылу жағдайларын, критерийлері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде оған өзгерістер енгізілген болатын. Бірыңғай үйлестіру кеңесінің шешімін ескере отырып Бағдарламаға мынадай өзгерістер енгізілді: · Бағдарламаға қатысушылар ортасын кеңейту үшін: Бағдарламаның 1 және 3 бағыттары шеңберінде кредиттерді субсидиялау үшін шекті пайыздық сыйақы ставкасы 12% - дан 14% - ға дейін ұлғайды; Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша валюта кредиттерін субсидиялау мүмкіндігі енгізілген, бұл ретте Бағдарламаның 1 және 3 бағыттары бойынша сыйақы ставкасы - 12 %, 2 бағыт бойынша - 10% деңгейінде тіркелді. айналым қаражатын жоба құнының 30%-ына дейін толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мүмкіндігі енгізілген; кәсіпкерлік қызметті аффилиирленген тұлға жүзеге асырған жағдайда оның экспортын олармен аффилиирленген тұлға жүзеге асыратын өнім өндіретін кәсіпорындарды субсидиялау мүмкіндігі берілген; құрылысын қаржыландыру Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін өндірістік инфрақұрылым тізбесі газдандыру, суағар және буқұбыры объектілерімен толықтырылды; Бағдарлама шеңберінде өтінімдерді қарау және шешім қабылдау рәсімдері оңайлатылды. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде жобалар екінші деңгейлі банктерге келіп түсті. Ағымдағы жылдың 5 қарашасындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер кредиттерді субсидиялауға арналған жалпы сомасы 317,8 млрд. теңге 553 өтінімді қарауда, оның ішінде: · барлық үш бағыт бойынша кредиттерінің жалпы құны 81,74 млрд. теңге 166 өтінім субсидиялауға мақұлданды, оның ішінде: · Бірінші бағыт бойынша Аймақтық координациялық кеңес (АКК) 116 жоба мақұлданған, оның ішінде Экономикалық даму және сауда министрлігі 82 жоба мақұлдап, 6 жобаны қабылдамады, 28 жоба келісу барысында. · «Даму» Қорына Банктерден 42 жоба түсті · Оның ішінде: 25 жоба бойынша субсидиялау келісімшарттарына қол қойылған · 9 жоба бойынша Банктер субсидиялау келісімшарттарын дайындауда · 5 жоба бойынша құжаттар Қорда тексерілуде · 3 жоба бойынша құжаттарда ескертулер болғандықтан банктерге толықтыруға жіберілген. · Екінші бағыт бойынша Мемлекеттік комиссия жанындағы Жұмыс тобының қарауына 52 жоба келіп түсті, оның ішінде Жұмыс тобында: · 45 жоба мақүлднанды; · 10 жоба мақұлданбады; · 6 жоба келесі Жұмыс тобына қалдырылды · «Даму» Қорына 14 мақұлданған жоба бойынша субсидиялау келісімшарттары келіп түсті; · 31 мақұлданған жоба бойынша субсидиялау келісімшарттары берілмеді; · 3 жылда жалпы құны 2 318 881 651 теңгеге 13 келісімшарт жасалған. l Үшінші бағыт бойынша Аймақтық координациялық кеңес (АКК) 24 жоба мақұлданған, оның ішінде Экономикалық даму және сауда министрлігі 21 жоба мақұлдап, 3 жоба келісу барысында. l «Даму» Қорына Банктерден 13 жоба келіп түсті l Оның ішінде: 9 жоба бойынша субсидиялау келісімшарттарына қол қойылған l 1 жоба бойынша құжаттар Қорда тексерілуде l 3 жоба бойынша құжаттарда ескертулер болғандықтан банктерге толықтыруға жіберілген. 145 кәсіпорынға сервистік қолдау көрсетіліп отыр, осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 671,5 млн. теңге бөлінді. Қолдау бизнесті жүргізу (жұмыс процесіне қызмет көрсету) консалтингтік және маркетингтік қызмет көрсету және басқалары бойынша қызметтерді ұсыну түрінде көрсетіледі. Осыған орай, облыстық бюджеттерге, Алматы және Астана бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы трансферт орындалады. Өндірістік инфрақұрылым құрылысы мен қайта құру 83 кәсіпорын үшін жүзеге асырылуда. Бұл ретте өндірістік (индустриялды) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара, сондай-ақ индустриялдық аймақтар ұйымдары шеңберінде де жетпей тұрған инфрақұрылымды жақындату болып табылады. Атап айтқанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұған дейін жұмыс істеп тұрған ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен өнеркәсіп аймақтары базасында осындай аймақтарды құру бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Осыған орай Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астана бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрлымды жетілдіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансфертер орындалады. Дағдарысқа қарсы бағдарлама және дағдарыстан кейінгі даму базасын құруға бағытталған шаралар шеңберінде Үкімет қабылдаған ішкі сұраныстың кеңеюі және елде іскерлік белсенділікті қолдау бойынша шаралар экономиканың қалпына келуіне елеулі оң үлесін қосты. 2010 жылдың басынан бастап баға коньюнктурасының әлемдік тауар нарығында және қазақстандық өнім сұранысының жақсаруы сыртқы тауар операцияларының жоғары қарқынмен өсуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2009 жылмен салыстырғанда шикізат өндіру мен дайын тауарлар өндірісінің көлемі елеулі өсті, ішкі сұраныстың өсу қарқындары қалпына келіп, көлік саласында іскерлік белсенділіктің жандануы байқалады. Тұтастай алғанда осы барлық жағымды факторлар жалпы Қазақстан экономикасының өсу қарқынын қамтамасыз етіп отыр. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылық саласынан басқа экономиканың барлық базалық салаларында өндірістің өсуі байқалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің өндірісі 10,4 %-ға, көлікпен тасымалдау – 16,9 %-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4 пайызға төмендеді. Оған өсімдік шаруашылығы өнімінің былтырғы жылдың жоғарғы көрсеткіштеріне қарағанда төмен болуы, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы жағдайы себеп болып отыр. Инвестициялақ жобаларды белсенді жүзеге асыру және жаңа объектілерді іске қосудың арқасында, соның ішінде тұрғын үй нарығында, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі байқалды. Ағымдағы жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 0,1 %-ға өсті (2009 жылдың сәйкес кезеңінде төмендеу 6,4%-ды құраған). Ағымдағы жылдың басынан бастап тұтынушылық тауарларына сұраныстың өсуі байқалады. Бұл бөлшек сауда көлемінің 12,5 %-ға өсуіне септігін тигізді (2009 жылдың қаңтар-қазанда төмендеу 9,7%-ды құрады). Қазақстанның экспорттық позицияларының қайтадан қалыпына келуі әлемдік тауар нарықтарындағы баға коньюнктурасының өзгеруі есебінен қамтамасыз етілді, ол ағымдағы жылы өткен жылға қарағанда жақсы қалыптасты. 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 61,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 2009 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 23,3%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 43,2 млрд. АҚШ долл. (47,2 %-ға өсті), импорт – 18,3 млрд. АҚШ долл. (10,7 %-ға төмендеді). Индустрализациялау бағдарламасының сәтті басталуы мен Жол картасының жүзеге асырылуы әлеуметтік көрсеткіштерге оңтайлы әсер етті. Жұмыссыздық деңгейі үшінші тоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа қысқарып, 5,6%-ды құрады. Елдегі іскерлік белсенділіктің жандануы халықтың ақшалай табысы мен жалақысының өсуіне септігін тигізді. 2010 жылдың 9 айында 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жан басына шаққандағы халықтың нақты ақшалай табыстары 6,2 %-ға ұлғайды, орташа нақты айлық жалақы 6,8 %- ға өсті. Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері макроэкономикалық тұрақтылық сақталуда. Инфляция бақыланатын деңгейде және қазанда жылдық көріністе 7,3%-ды құрады. Экономиканың нақты секторының өсуі көрінісінде екінші деңгейлі банктердің депозиттік базасы кеңейді. 2010 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша депозиттер көлемі 7324,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 13,6%-ға өсті. Елдің халақаралық резервтері 2010 жылдың 10 айында 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2 %-ға өсіп 58,4 млрд. АҚШ долл. құрады, соның ішінде шетел валютасындағы Ұлттық қордың активтері 29,4 млрд. АҚШ долл. құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігігің деректері бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикадағы ШОК субъектілерінің тіркелген саны 905660 бірлікті 24,2,1%), 493864 дара кәсіпкерлер (54,6%) және 192419 - шаруа (фермер) қожалықтарының (21,2%). ШОК белсенді субъектілерінің саны өткен жылғы тиісті күнге пайызбен салыстырғанда 1,1% өсті және 627779 бірлікті құрады, оның ішінде 65527 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (10,4% жалпы саннан) және 8876 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (1,4%), 383278 дара кәсіпкерлер (61,1%) және 170098 - шаруа (фермер) қожалықтарының (27,1%). Жаңа әдістеме бойынша (дербес шоттардың негізінде) қалыптасқан ҚМ Салық Комитетінің деректері бойынша, белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстанда – 55496 (жалпы саннан 14,5%), Алматы – 49454 (12,9%), Шығыс Қазақстан – 15399 (9,1%), Жамбыл - 15386 (9%) облыстарында шоғырланған. Белсенді жұмыс істейтін шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстан – 58821 (34,6%), Алматы – 49011 (28,8%), Шығыс Қазақстан – 15399 (9,1%) және Жамбыл – 15386 (9,0%) облыстарында белгіленген. Республиканың барлық аймақтарында ШОК белсенді субъектілерінің саны өскені байқалды. Мысалы, Алматы қаласы – 1,8% және Астана қаласы – 1,3%, Ақмола облысында – 0,3%, Маңғыстау облысында – 1,3%, Ақтөбе облысында – 0,7%, Оңтүстік облысында – 1,4%, Батыс-Қазақстан облысында – 0,5%, Алматы облысында – 1,7%, Солтүстік облысында – 0,5%, Жамбыл облысында – 0,3%, Шығыс-Қазақстан облысында – 0,3%, Қостанай облысында – 1%, Қарағанды облысы – 1,1%, Атырау облысы – 2,5%, Павлодар облысы – 0,6% және Қызылорда облысында – 1%, өсті. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі ШОК жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылғы тиісті күнге пайызбен салыстырғанда 2,5% өсті және 2156,9 мың адамды құрады, оның ішінде 552,4 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (25,2% жалпы саннан) және 422,4 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (19,8%), 728,6 дара кәсіпкерлер (33,9%) және 453,3 - шаруа (фермер) қожалықтарының (21,1%). ШОК жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылғы тиісті күнге пайызбен салыстырғанда Алматы қаласында – 4,1%, Астана қаласында – 2,7%, Қостанай облысында – 3,1%, Атырау облысында – 4,9%, Ақтөбе облысында – 2,5%, Жамбыл облысында – 2,3%, Қызылорда облысында – 2,1%, Маңғыстау облысында – 3%, Оңтүстік облысында – 3,1%, Павлодар облысы – 0,2%, Солтүстік облысында – 1,9%, Батыс-Қазақстан облысында – 2,2%, Алматы облысында – 2,3%, Ақмола облысында – 1,3%, Қарағанды облысы – 2,6%. Белсенді ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы өткен жылғы қаңтар-тамызды тиісті 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек пайызбен салыстырғанда 5,3% өсті және 4108,1 млрд.тенге құрады, оның ішінде 1114,8 млрд. тенге - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (27%) және 2450,2 млрд.тенге орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (60%), 336,3 млрд.тенге дара кәсіпкерлер (8%) және 206,6 млрд.тенге - шаруа (фермер) қожалықтарының (5%). 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек 2009 жылғы тиісті күнге пайызбен салыстырғанда ШОК субъектілерінің өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) Алматы қаласында – 6,5%, Астана қаласы – 48%, Атырау облысында – 3,1%, Батыс-Қазақстан облысында – 6,6%, Шығыс-Қазақстан облысында – 3,8%, Қарағанды облысы – 6,8%, Жамбыл облысында – 2,3%, Павлодар облысы – 6,9%, Қызылорда облысында – 2,1%, Алматы облысында – 1,9%, Оңтүстік-Қазақстан облысында – 5,5%, Маңғыстау облысында – 3,3%, Солтүстік- Қазақстан облысында – 2,1%, Ақтөбе облысында – 13,8%, Қостанай облысында – 4,4%, Ақмола облысында – 2,5% байқалды. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру шеңберінде республика экономикасы дамуының оң үрдісін атап өтуге болады. Өнеркәсіп өндірісі экономикалық қызметтің негізгі түрлері бойынша оң динамикамен сипатталады. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары 8,4 трлн. теңге сомасына өнім өндірді, 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексінің деңгейі 110,4% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібі 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте тау-кен өндіру өнеркәсіптік кәсіпорындармен 5,2 трлн. теңгеге өнім өндірілді, 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексінің деңгейі 105% құрады. Көмір және лигнит (102,3%), табиғи газ (102,5%), шикі мұнай (105%), темір кенін (117,8%) өндіру өсті. Өңдеу өнеркәсібі 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындармен 2,6 трлн. теңгеден астам өнім өндірілді, 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексінің деңгейі 119,1% құрады. Химиялық өнеркәсіп, металл бұйымдары, машинажасау өнімдерін өндіруде айтарлықтай өсім бар. Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялардың нақты көлем индексі 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10,1% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде салымдардың үлесі 0,8 пайыздық тармаққа ұлғайды және 8,0 % құрады. Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестициялардың маңызды үлесін (52,9%) Қарағанды, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстары металлургия өнеркәсібіне инвестициялау есебінен алып отыр. Химия өнеркәсібі 2010 жылғы 9 ай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 70,5 млн. теңгеге жуық соманы құрады. 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 176,5% құрады. Осы саланы дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі 12 314 млн. теңгені құрады. 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 59,1% өсті. Фармацевтика өнеркәсібі 2010 жылғы 9 ай бойынша өнімді өндіру көлемі 14 345 млн. теңгені құрады. Осы саланы дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі 1156 млн. теңгені (77,6%) құрады. Металлургия өнеркәсібі 2010 жылғы 9 ай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,1 трлн. астам теңгені құрады. 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 163,9% құрады. Осы саланы дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі 117 328 млн. теңгені немесе 118,6% құрады. Машина жасау 2010 жылғы 9 ай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 229 881 млн. теңгені құрады. 2009 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 155,8% құрады. Жеңіл өнеркәсіп Жеңіл өнім өндірісінің көлемі 20 783 млн. теңгені құрады, оның ішінде тоқыма бұйымдары 11 747 млн. теңгеге (нақты көлем индексі – 112 %), киім 7 113 млн. теңгеге (нақты көлем индексі – 107,9 %), былғары және оған жататын өнімдер 1 923 млн. теңгеге (нақты көлем индексі – 93,8 %) өндірілді. Осы саланы дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі 11271 млн. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау Осы саладағы өнім (тауарлар және қызметтер) өндірісінің көлемі 505,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексінің деңгейі 107%, оның ішінде электр энергиясын өндіру, беру және бөлу – 108%, газ тәрізді отынды өндіру және бөлу – 101 %, бу беру және ауа баптау жүйелері – 104,2%. Еңбек өнімділігі Тұтас экономика бойынша еңбек өнімділігінің индексі 2010 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылмен салыстырғанда 103,1% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі индексінің өсімі мынадай басым салаларда байқалады: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 102,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 107,3%, өңдеу – 119,1%, ақпарат және байланыс – 171,8%. Әкімшілік тосқауылдарының төмендеу және бизнес-климатты жақсарту Рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға қатысты. Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленген. Заң жобасымен 6 кодекс пен 41 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Қазіргі уақытта Заң жобасы Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінде Жұмыс тобымен қарауында. Бұдан әрі рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс өңірлік деңгейде жүргізіліп жатыр. Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін өңірлерде: - рұқсат беру жүйесін оңтайланыру жұмысы кезеңдері жөнінде түсінік беру семинар-кеңесі өткізілді; - өңірлік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жанындағы рұқсат беру рәсімдердің құжаттардың түгендеу жүргізу үшін Жұмыс топтары құрылған; - Сараптама кеңестерімен көрсетілген жұмыс топтарын тыңдау бойынша жоспар-кестелері жасалынған. Қазіргі күні барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында рұқсат беру құжаттардың қайта қарау жұмысы өткізілді. Осы жұмыс барысында 728 әртүрлі рәсімдер мен құжаттар анықталды, олардың ішінде: - 576 – рұқсат құжаттары; - 152 – рұқсат құжаттар емес, мемлекеттік органның функциясына жатады. 576 рұқсат құжаттардан 214 жергілікті мемлекеттік органдамен беріледі. Қалғандары 362 рұқсат беру құжаттар мен рәсімдерінің түрі (лицензиялар, келісулер, қорытындылар және т.б.) министрліктердің және ведомстволардың территориялық бөлімшелермен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Бірыңғай Үйлестіру кеңесі жанындағы Әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жұмыс тобының жұмысы шегінде өңірлік деңгейде рұқсат беру құжаттарды (рәсімдерді) қайта қарау және оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуі жүзеге асырылып нәтижелері тиісті нормативтік құқықтық актілерде қарастырылады. Бақылау-қадағалау функцияларды жетілдіру бағытында белгілі жұмыс жүргізілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шілдеде күшіне енгізген Заңына сәйкес тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптар өкілеттікті уәкілетті органдардың құзыретінен алып тастап, Заңдар, Мемлекет басшысының Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары деңгейінде белгіленуі тиіс. Салалық заңнамасын жоғарыда көрсетілген түзетулермен сәйкестікке келтіру мақсатында, Министрлікпен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленді. Заң жобасы: 1) бизнеске қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту жөніндегі өкілеттікті уәкілетті органдардың құзыретінен алып тастауды; 2) жарнама қызметі саласында орын алып отырған қайшылықтарды реттеуді; 3) Мемлекет басшысының Үкіметтің және өзгеде мемлекеттік органдардың құзыретін айқындау жөніндегі өкілеттігін шектеуді жоюды қарастырады. Заң жобасымен 9 кодекс және 129 заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізеді. Казіргі кезде Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Ағымды жылдың 14 қыркүйекте оның тұсаукесері өтті. Заң жобаның Парламент Мәжіліс Комитетінде және жұмыс тобында қаралуы басталды. Баспаға ұсынған
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
семинар-оқудың тыңдаушысы
«Нұр Отан» ХДП Бесқарағай ауылы бойынша БПҰ төрағасы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
shakhibbeker@gmail.com
| |
| |
Просмотров: 1003 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |