Промежуточный государственный контроль - 2010
07/02/2010, 13:17
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК
 1. «Кеңейту» сөзінің антонимін белгілеңіз. A) Дамыту. B) Таныту. C) Тарылту. D) Нығайту. E) Қолдау.
2. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз. A) а B) у C) о D) ә E) ы
3. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз. A) Алма B) Алғаш C) Қасқа D) Қаймақ E) Арқан
4. Негізгі, туынды тұлғада болатын сөздің бөлшегін табыңыз. A) Сөз тудырушы жұрнақ. B) Жұрнақ. C) Түбір. D) Қосымша. E) Жалғау.
5. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім… A) Сұраулы. B) Толымсыз. C) Құрмалас. D) Жалаң. E) Лепті.
6. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты. A) Лепті сөйлем. B) Аралас құрмалас сөйлем. C) Жай сөйлем. D) Сабақтас құрмалас сөйлем. E) Салалас құрмалас сөйлем.
7. Одағай сөзді табыңыз. A) Талапты. B) Мырс. C) Жеңіс. D) Ұлдың. E) Паһ-паһ.
8. Қазақстан Республикасы Конституциясының күнін белгілеңіз. A) 25 қазан. B) 22 наурыз. C) 30 тамыз. D) 9 мамыр. E) 16 желтоксан.
9. ХХ ғасырда қазақ елінің астанасы атанған қалаларды белгілеңіз. A) Алматы, Астана, Түркістан, Тараз. B) Орынбор, Алматы, Шымкет, Отырар. C) Қызылорда, Шымкент, Ақмола, Астана. D) Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана. E) Отырар, Шымкент, Тараз, Алматы.
10. Жаз айын белгілеңіз. A) Мамыр. B) Сәуір. C) Қараша. D) Тамыз. E) Ақпан.
11. Алфавит дегеніміз не екенін көрсетіңіз. A) Қосарланған сөздер. B) Әріптер жиынтығы. C) Тыныс белгілері. D) Сөздер тіркесі. E) Дұрыс сөйлеу ережелері.
12. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз. A) Ауызша. B) Маймыл. C) Ұстаз. D) Мақсат. E) Рухани.
13. Тек ашық буынды сөздерді көрсетіңіз. A) Дала, бала, сары. B) Ай, ән, сөз. C) Үлкен, ұл, қыз. D) Тау, жайлау, шөп. E) Орман, аң, күз.
14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. A) Қуанышты. B) Қайраткер. C) Саяхат. D) Іскер. E) Қолғанат.
15. Түбірлес сөздерді табыңыз. A) Ғылым, ас. B) Төбе, есік. C) Өзен, көлдер. D) Қалам, қаламгер. E) Журнал, көз.
16. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз. A) Студентті. B) Студентке. C) Студентпін. D) Студенттің. E) Студенттен.
17. Сапалық сын есімді табыңыз. A) Желсіз. B) Өнерлі. C) Жазғы. D) Жақсы. E) Тапқыр.
18. Есептік сан есімді көрсетіңіз. A) Ондаған. B) Үшеу. C) Төртінші. D) Оннан бес. E) Сексен.
19. Көп нүктенің орнына керекті есімдікті қойыңыз. « ... сырын білгің келсе, баласынан сұра». A) Біреудің. B) Біз. C) Мынау. D) Өзіміз. E) Қайда.
20. Сөйлемнің аудармасын табыңыз. Мен хат жазбақшымын. A) Я намерена написать письмо. B) Я напишу письмо к другу. C) Я написала письмо. D) Я письмо давно написала. E) Я если напишу письмо.
21. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Одан бері он жыл өтті. B) Бәрекелді, оныңыз жақсы ақыл. C) Әлия әжесінің алдынан шықты. D) Жарайды, айтам десең, айт. E) Абысын тату болса, ас көп.
22. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз. A) Бейбітшілік саясаты елі қазақ ұстанады. B) Ұстанады қазақ елі бейбітшілшік саясаты. C) Қазақ елі бейбітшілік саясатын ұстанады. D) Елі қазақ бейбітшілік ұстанады саясатын. E) Қазақ елі саясатын бейбітшілік ұстанады.
23. Төл сөзді табыңыз. A) Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты. B) Жылқылар су ішуге тоқтады. C) Алмас менің атымды сұрады. D) Ол қашан келетінін айтты. E) Балам,-деді ол,-сенің атың кім?
24. Абайдың мұражай-үйі орналасқан жерді белгілеңіз. A) Атырау облысы, Доссор елі. B) Алматы қаласы, Есік қорғаны. C) Қарағанды облысы, Тельман ауданы. D) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті. E) Семей облысы, Жидебай.
25. Мектеп туралы мақалды табыңыз. A) Мектеп – кеме, білім - теңіз B) Шындық жоқ жерде, сұмдық көп C) Елшіге өлім жоқ D) Жер гүлсіз болмайды, ел ерсіз болмайды E) Бірлік болмай, тірлік болмас
26. Сөздің тура мағынасын табыңыз. A) Суық жел. B) Суық хабар. C) Қара шаңырақ. D) Жеңіл мінез. E) Жел сөз.
27. «Мерзім», «кез» деген сөздер нені білдіретінін анықтаңыз. A) Заттың атын. B) Мекенді. C) Іс-әрекетті. D) Санды. E) Мезгілді.
28. Туынды зат есім жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз. A) Қора. B) Жылқышы. C) Ер-тұрман. D) Ауыл-аймақ. E) Халық.
29. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз. A) Жазғы демалыста Раушан ауылда болды. B) Жазғы демалыста, Раушан, қайда барасың? C) Жазғы демалыста Раушан ауылға барады. D) Раушан жазғы демалыста ауылда болды. E) Жазғы демалыста Раушан ауылда өткізді.
30. Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батырын белгілеңіз. A) М.Мәметова. B) Т.Бигелдинов. C) Ә.Молдағұлова. D) И.Панфилов. E) Н.Әбдіров.
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК-2
1. Мақалдың жалғасын табыңыз. Басқа пәле - A) аяқтан. B) ауыздан. C) көзден. D) тілден. E) қолдан.
2. Жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз. A) Кеме. B) Мектеп. C) Терезе. D) Ілгек. E) Құмыра.
3. Қатаң дыбысты көрсетіңіз. A) у B) ң C) ғ D) з E) қ
4. Түбір сөздерді табыңыз. A) Кет, айт, жаз. B) Барсын, жазу, айтты. C) Көгілдір, ақшыл, келді. D) Беру, сенің, оның. E) Емші, сонау, беру.
5. Толымсыз сөйлемді табыңыз. A) Мен аға-інілеріммен саяжайға барамын. B) Мен спорт клубына барамын. C) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын. D) Мен ертең мектепке келемін. E) Үйде отырамын.
6. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Я жаңбыр жауады, я қар жауады. B) Мен келгенше, ол үйге кетіп қалыпты. C) Қоңырау соғылды да, сабақ басталды. D) Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз. E) Боран соқты, бірақ біз сапарға шықтық.
7. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз. A) Автор сөзі, - төл сөз. B) Автор сөзі: «Төл сөз». C) Автор сөзі, Төл сөз. D) Автор сөзі: Төл сөз. E) Автор сөзі – Төл сөз.
8. Пырақ сөзінің аудармасын белгілеңіз. A) Мифический конь. B) Герб. C) Символ. D) Флаг. E) Гимн.
9. Ойды тиісті етістікпен аяқтаңыз: Табиғат адамдардан қамқорлық ... . A) қабылдайды. B) талап етпейді. C) көрсетеді. D) қажет етпейді. E) күтеді.
10. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың? A) Оныншы. B) Сегізінші. C) Он бірінші. D) Тоғызыншы. E) Жетінші.
11. «Жуан дауысты дыбыс» тіркесінің орыс тілдегі баламасын табыңыз. A) Твердый гласный звук. B) Звонкий согласный звук. C) Сонарный согласный звук. D) Согласный твердый звук. E) Мягкий гласный звук.
12. Үнді дауыссыз дыбысынан тұратын отбасы мүшесінің атауын көрсетіңіз. A) Әке-шеше. B) Ата. C) Қыз. D) Аға. E) Немере.
13. «Бітеу буын» сөз тіркесінің оыс тіліндегі баламасын табыңыз. A) Открытый слог. B) Слоговый сингармонизм. C) Полузакрытый слог. D) Слог. E) Закрытый слог. 14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. A) Сенім. B) Ақылгөй. C) Құрбы. D) Тәжірибе. E) Жолаушы.
15. Туынды сөзді көрсетіңіз. A) Ақшыл. B) Қызыл. C) Жұмысшы. D) Аңдар. E) Ойын.
16. Табыс септігінің жалғауын табыңыз. A) –ге. B) –ні. C) –нен. D) –мен. E) –нің.
17. Зат есімнен туындаған сын есімді табыңыз. A) Маңында. B) Тастың. C) Майлы. D) Жанында. E) Басында.
18. «Жеті» сөзіне қандай жалғау сай келетінін белгілеңіз. A) –қа. B) –ге. C) –ға. D) –ның. E) –бен.
19. Жатыс септігіндегі жіктеу есімдігін табыңыз. A) Сіздермен. B) Сіздерде. C) Олардан. D) Сендерді. E) Оларға.
20. Мақсатты келер шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз. A) –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек. B) –мыз,-міз,-быз,-біз. C) –қ,-к. D) –ар,-ер,-р. E) –а,-е,-й.
21. Болымсыздық демеулікті табыңыз. A) -мыс, -міс. B) -ақ, -ау, -шы. C) ма, ме, ба, бе, па, пе. D) ғой, қой. E) түгіл, тұрсын.
22. Бастауыштың сөйлемдегі орнын көрсетіңіз. Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар. A) Толықтауыштан соң. B) Пысықтауыштың алдында. C) Сөйлемнің басында. D) Баяндауыштың алдында. E) Сөйлемнің аяғында.
23. «АЗиЯ» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткерін белгілеңіз. A) О.Сүлейменов. B) М.Әуезов. C) М.Жұмабаев. D) Ә.Кекілбаев. E) М.Шаханов.
24. Тоқтар Әубәкіровтің туған жерін көрсетіңіз. A) Алматы облысы. B) Ақмола облысы. C) Қостанай облысы. D) Павлодар облысы. E) Қарағанды облысы.
25. Аптаның соңғы күні қалай аталатынын белгілеңіз. A) Сәрсенбі. B) Сенбі. C) Жексенбі. D) Жұма. E) Дүйсенбі.
26. «Алыс», «шалғай» деген сөздер нені білдіретінін анықтаңыз. A) Санды. B) Мекенді. C) Мезгілді. D) Іс-әрекетті. E) Заттың атын.
27. Антоним сөздерді табыңыз: A) Жылдам, ақырын. B) Көше, даңғыл. C) Көзі, мұрны. D) Қыздар, бойжеткендер. E) Алғаш, тұңғыш.
28. Туынды зат есімді көрсетіңіз. A) Қала, дала. B) Бала, сәби. C) Егінші, бұрғы. D) Көше, аула. E) Күн, нұр.
29. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. A) Бізде бүгін алты сабақ болады. B) Сен киноға барасың ба? C) Айман, сен келесің бе? D) Ертең суық болады. E) Бүгін жаңбыр жауды.
30. Одағай сөзді сөйлемді табыңыз. A) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой. B) Арман, сен үйіңе бара ғой. C) Амал қанша, ақырын күту керек. D) Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады. E) Балам, арыңды жасыңнан сақта.
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2829 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: