ОЖСБ (ВОУД) - 2012
30/03/2012, 19:07
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: A) Батыс Қазақстан B) Орталық Қазақстан C) Солтүстік Қазақстан D) Оңтүстік Қазақстан E) Шығыс Қазақстан
2. Сақтар туралы «олардың бәрі ақкөңіл және уәдеге берік» деп жазған: A) Торг B) Диодор C) Страбон D) Ксенофонт E) Ктесий
3. ХІХ ғасырда қазақ жерінде қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсаған ағартушы: A) Ә.Бөкейханов B) А.Құнанбаев C) Ш.Уәлиханов D) Ы.Алтынсарин E) Ж.Ақбаев
4. 1916 жылы Торғай уезінде көтеріліске шыққан қыпшақтар өздеріне хан етіп сайлады: A) Ә.Жанбосыновты B) А.Қосановты C) Б.Әшекеевті D) Н.Қияшевті E) О.Шоңовты
5. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым: A) «Қара жұмысшылар одағы» B) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы» C) «Жас қазақ ұйымы» D) «Жас арбакештер одағы» E) «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»
6. Республикада инженер-техник кадрларды даярлауға негіз болған, 1930 жылдары ашылған жоғарғы оқу орны: A) Ауыл-шаруашылық институты B) Медицина академиясы C) Педагогика институты D) Зоотехникалық–малдәрігерлік институт E) Қазақ кен-металлургия институты
7. «Соғдылардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған: A) Ж.Баласағұни B) Қ.Жалаири C) М.Қашқари D) Қ.А.Йасауи E) М.Х.Дулати
8. Монғол империясыдағы әкімшілік билік саны: A) 10 түмен B) 78 түмен C) 109 түмен D) 95 түмен E) 97 түмен
9. XV ғасырдың аяғында Сыр бойындағы қалалар үшін болған соғыстарда жеңіске жеткен: A) Әбілқайыр хандығы B) Моғолстан C) Ақ Орда D) Алтын Орда E) Қазақ хандығы
10. 1598 жылы Қазақ хандығының құрамына қосылған қала: A) Бұқара B) Самарқан C) Әндіжан D) Ташкент E) Хорезм
11. Жәнібек пен Керей хандар өзара тату қарым-қатынас орнатты: A) Ресеймен B) Өзбектермен C) Тәжіктермен D) Қырғыздармен E) Қытаймен
12. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде 1783 ж. қазақтар шабуыл жасаған бекініс: A) Гирьял B) Гурьев C) Семей D) Кулагин E) Елек
13. ХХ ғ. басында алтын кені қазылатын 50 руднигі болған уезд: A) Семей B) Павлодар C) Өскемен D) Ақмола E) Баянауыл
14. Түркістан–Сібір теміржолын салуға басшылық жасаған қазақ зиялылары: A) Қ.Қуанышев, Ж.Мыңбаев B) Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев C) Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин D) М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков E) С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев
15. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды: A) 1970 жылдары B) 1990 жылдары C) 1940 жылдары D) 1960 жылдары E) 1980 жылдары
16. 1993 жылдың соңында Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың арасындағы беделді әрі танымалдысы: A) «Невада-Семей» B) «Желтоқсан» C) «Ақжол» D) «Азамат» E) «Алаш»
17. Сауда керуендерін шетелге, Сібір шекара шебіне жіберу құқығын сақтап қалғандар: A) билер B) сұлтандар C) болыстар D) байлар E) старшындар
18. 1906 жылы І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған қоғам қайраткері: A) Ж.Ақбаев B) Ж.Аймауытов C) М.Дулатов D) Ә.Бөкейханов E) А.Байтұрсынов
19. А.Маслов экипажында ерлік көрсеткен Қазақстандық: A) Л.Беда B) Х.Қайдаров C) С.Луганский D) Б.Бейсекбаев E) Т.Бегельдинов
20. Соғыстан кейінгі жалдардағы жас суретші М.Кенбаевтың картиналары: A) «Жамал», «Атамекен» B) «Дала», «Салт-дәстүр» C) «Көш», «Мал айдау» D) «Тауда», «Киіз үй қасында» E) «Шопан әні», «Сұхбат»
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2887 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/6
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: