| 23/12/2025, 18:19 | |
КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК? Жалпы кітап оқыған уақытта маңыздысы: «Қолымдағы кітаптан менің қазіргі проблемама жауап табыла ма?» деген сұрақтың жауабы. Бәз біреуде бір мәселе пайда болса, оның шешімін табу үшін кітап оқиды. Адам кітапты не бір мәселенің шешімін табу үшін оқиды немесе таным-көкжиегін арттыру үшін оқиды. Бәз біреу қазір маркетингке байланысты «Нейромаркетинг» деген кітапты оқып жатыр. Өйткені қазір оны сол тақырып қызықтырады. Ол қазір оқырмандарды, тұтынушыларда, олардың дүкенінен кітап алатын адамдарды зерттеп жатыр. Демек, кітап таңдауда бірінші критерий осы. «Кітапты қалай таңдаймыз?» деген сұраққа үш жауап көрініп тұр. Біріншісі – оқи беру, осылайша талғам қалыптасады. Екіншісі – проблемаңа қарай кітап іздеу. Ол үшін проблемаңды да білуің керек қой. Үшіншісі – рекомендация бойынша таңдау. Бәз біреуде миссия деген нәрсе бар. яғни, өміріндегі кез келген шешімді, кез келген таңдауды миссия сүзгісінен өткізеді. Мысалы, оның миссиясы – үйреніп һәм үйретіп бақытты өмір сүру. Егер ол бір кітапты оқу арқылы бір нәрсені үйрену немесе үйрету ісін атқармаса, ол ол кітапты қолына алмайды. Екіншіден, стратегия деген түсінік бар. 1 жылдың стратегиясы болады, 5 жылдың стратегиясы болады. Бәріне түсінікті тілмен айтатын болсақ, стратегия деген – ол бақыт. Яғни, ол осы жылы денсаулығына көп көңіл бөледі, ол оның осы жылғы стратегиясы. Әр уақыттың, әр жердің, әр мекеннің өз кітабы болады. Кітап таңдағанда осыны да ескеру керек. Кітаптың авторын білу өте маңызды. Бұл кітаптың типіне де байланысты. Мысалы, ғылыми кітапта автордың рөлі қатты ойнайды. Себебі оның ғылыми дәрежесі жазылады, тәжірибесі жазылады дегендей. Асылында, кітап оқыған адам театрдың, киноның құдіретін жақсырақ сезінеді, бағалай алады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
