| Вчера, 16:40 | |
КІТАПҚА ҚАЛАЙ ҚЫЗЫҚТЫРАМЫЗ? Кітапқа қызықтырудың ең озық үлгісі сторителлинг, яғни, оқиғаны баяндай отырып қызықтыру. Кейбір адамдарға ол ешқашан кітапты тықпаламайды. «Мына кітапты оқып едім» деп айтса, мақтанған сияқты болып қалады. Ол көбіне кітаптың ішіндегі қызықты оқиғаларды бөліседі. Сосын олар «Қайда болған оқиға? Қайдан оқыдыңыз, кім айтып берді?» деп сұрай бастайды. Сол кезде ол кітапты айтады. Кітапты оқып отырғанда оны көз алдымызға елестете алу керек. Көз алдымызға елестете алмаған дүниені басқаларға айтып бере алмаймыз ғой. Көбінесе біреуді кітапқа қызықтыру үшін кітап беретін нәтижені көрсеткен дұрыс. Мысалы, оның інісі ешқашан кітапқа қызықпаған, тек спортпен айналысады. Ал ол спортты онша жақтырмайды. Бірақ кітап оқығанды жақсы көреді. Ол кітап оқып бастағалы інісіменбұрынғыдай сөз таластырмайтын болды. Ағалығын көрсетіп үндемей қалады. Інісі оның бойындағы өзгерістерді байқады. Сонымен қатар оның жаңа бір әдетін байқады. Ол – күнде кітап оқып отыру. «Демек, ол кітап оқығаннан өзгеріп жатыр» деп миында байланыс орната бастайды. Бір күні үйге келсе, ол «Адамзаттың асыл тәжін» оқып отыр. Мектепте бәзбіреу кітап оқыса, «ботаник» деген түсінік болды. «Оқымысты – лупа көзілдірік тағып алған, интроверт, өзімен-өзі жүретін, ләсіз адам» деген түсінік қалыптасқан. Олар қазір «Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз» деген миссияның жетегінде жүр. Бұл миссияның жетегінде жүрген оқырмандары бар. яғни, кітапқа қызықтырудың тағы бір жолы – ол сенің тұлғалық дамуың, сыртқы келбетіңе мән беруің. Мысалы, Алашордашыларға қарасақ та, олар сол заманға сай сәнді киінген ғой. Кітап сөздік қорды байытады, белгілі бір сөйлеу алгоритмін қалыптастырады. Оны басқа адамдар байқайды. Сөз саптауына қарап кітап оқитын адамды бірден білесің. Сол сияқты қоғамда сәнді киінген адам да кітап оқиды деген ой қалыптастыру керек. Бұған әр адамның үлесі бар деп ойлайды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 1 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
